• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АТЫРАУДА ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Атырау облысында жыл қорытындысымен үздік кәсіпкерлерді марапаттау салтанаты өтті», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысып, пандемия кезеңінде көрсеткен көмектері үшін кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

- Биыл «оңай жыл» болмағаны барлығымызға белгілі.​ Пандемияға байланысты түрлі мәселелер туындады,​ қиындықтар болды. Әсіресе, алғашқы кезеңде ауруханаларда Ивл аппараттары, басқа да қажетті құралдар жетіспей, қарапайым медициналық бетперде, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі де орын алды. Сол уақытта жергілікті кәсіпкерлер тарапынан үлкен көмек көрсетілгенін атап өткім келеді. Осындай ерен еңбектеріңіз үшін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің атынан алғыс білдіремін, - деді Әлібек Нәутиев.

Жылы лебізін білдірген облыс әкімінің орынбасары өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып жүрген 8 кәсіпкерге Атырау облысы әкімінің алғыс хатын табыс етті.​ Сондай-ақ жиын барысында «Жыл кәсіпкері 2020» байқауының жеңімпаздары анықталды.​ Атап айтқанда,​ «Бизнес жобаның жаңашылдығы» номинациясымен Бақытжан Дариева, Самал Жұмашева, Абзал Артықбаев, «Жыл меценаты 2020» номинациясымен Әсет Мәмбетов, Болат Бушанов, Төкен Жұмағұлов, «Жыл кәсіпкері 2020» номинациясымен Қанат Сыдихов, Марат Өмірзақов марапатталды. Ал «Жыл кәсіпкері 2020» номинациясының жеңімпазы болып «Брандо» ЖШС-ның құрылтайшысы Махмут Миралиев танылды.

«Жыл меценаты 2020» аталымымыен марапатталған «Транс – Ойл ББ» ЖШС директоры Болат Бушанов жергілікті кәсіпкерлерді көмек көрсетуге шақырды.

- Өзім кәсіпкер болғандықтан​ «қиын кезеңде жерлестеріме көмек көрсетуім керек» деген шешімге келдім. Сондай оймен дәрігерлерді қонақ үй мен ыстық тамақпен қамтамасыз еттік. «Ақ халатты абзал жандарға тиісті көмек көрсету арқылы індетті бірге жеңеміз» деген ойдамын. Ел тыныш, жұрт аман болғанда ғана қандай сала болмасын дамиды, өркендейді. Осы орайда, кәсіпкерлерді бірігіп көмек көрсетуге шақырамын, - деді Болат Бушанов.

  • 06.01.2021
  • 317
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика