• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырауда Қазақстандағы ең биік Тутұғырлардың бірі ашылды 

«Атырауда Тутұғыр монументі ашылып, салтанатты шараға аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатысты»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Бүгін міне, қаламызға әр беретін айшықты нысандар қатары айбынды алаңмен толықты. Көк байрағымыз көкпен ұштасты. Өз дәуірінде даңқты бабаларымыз бөрілі байрақ ұстап, бағаналы орда құрған. Сондықтан да ту біз үшін — қанымызда қайнаған намыс, руһты көтеретін құдірет. Атамекеніміздің төріне алып ту тігу - біз үшін асқан абырой, зор мәртебе. Қаламыздың көркін ашқан байрағымыз өңіріміздің айбынын асқақтата түсеріне сенемін»,- деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Тутұғырдың биіктігі 91 метр. Бұл жалауды үнемі көрініп тұруы үшін қолмен немесе электр жетегімен көтеретін көп қырлы болаттан жасалған дөңгелек конустық тірегі бар. Ұзындығы 80 метрлік тутүғыр композициясы субұрқақ пен доға пішінді эркерлік композициядан тұрады. Композицияның орта тұсында қоладан жасалған Қазақстан Республикасының картасы, жоғарғы жағында Елтаңба, ал шеткі бөліктерінде Әнұран жазылған. Конус пішінді тутұғырға саланатты түрде 29х14,5 метр болатын Ту ілінді. Енді еліміздің мемлекеттік рәміздері орналасқан алаңда маңызды салтанатты шаралар өтетін болады.

«Компаниямыздың барлық қызметкерлері атынан баршаңызға Қазақстан Республикасының Туында көрсетілгендей, мықтылық, молшылық пен бейбітшілік, сондай-ақ 2021 жылдың жақсылығы көп болсын деп тілеймін. Осынау еңселі тутуғыр баршамызды жылдар бойы қуантқай!»,- деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер.

Аталған тутұғыр құрылысы әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың "Игілік" бағдарламасы аясында, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен жүзеге асырылғанын айта кету керек.

Нысан қауіпсіздігіне тоқталатын болсақ, «Ең алдымен сапаны бақылау шаралары күшейтілді, жаңартылған тутұғырды әртүрлі елдерден келген бірнеше маман қайта тексеріп шықты, сондай-ақ АҚШ инженерлері тұғырдың компьютерлік моделін жасап, оны әртүрлі ауа-райына, атмосфера мен желдің жылдамдығына қатысты төзімділігін сынап көріп, техникалық қызмет көрсетудің ең қауіпсіз нұсқауларын анықтады», - деді «Кастадор» жоба менеджері Эдвард Иль.

Мердігер тұғыр айналасындағы 6500 шаршы метрге жасыл гүлзарлар, бұталы қоршау болатын 8500 бұталы көшеттер, 44 қылқан жапырақты және 70 жапырақты ағаштар отырғызып, ескерткішке іргелес аумақты раушан гүлдермен безендіруді жоспарлап отырғанын айтты. Жасыл желектерді суару үшін датчиктермен жабдықталған автоматтандырылған жүйе қолданылады, ол миллилитр дәлдігімен өсімдіктерге қажетті су мөлшерін анықтап, оны тікелей ағаштардың тамыр жүйесіне жеткізіп отырады.

  • 06.01.2021
  • 320
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика