• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырауда пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуда

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 50-ші сессиясында айтылды», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зинуллин 2020 жылы өткен сессияларда қаралып,​ оң шешімін тапқан мәселелерді атап өтті.

- Биыл Атырау қаласында нақты мекен-жайлар бойынша жол салу, жаяу жүргіншілер өткелі, ауылдық жерлерге жіберілген медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млн. теңге бөлу,​ тұрғын үй сертификаттарын көлемі мен алушылардың тізімі бекітілді. Сондай-ақ,​ ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, пайдаланылмай немесе мақсатсыз пайдаланылып отырған жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, республикалық маңыздағы «Ақтөбе-Атырау» мен «Атырау-Астрахань РФ» автомобиль жолдары құрылысы жүргізілуде, - деді Өмірзақ Зинуллин.

Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың 11 айында коммерциялық мақсатқа берілген 16 жер учаскесі пайдаланылмай бос жатуына байланысты,​ мемлекетке қайтарылған. Және есепті мерзімде аталмыш басқарма пайдаланылмай жатқан жерді қайтарып алу туралы сотқа барлығы 35​ талап арыз жолдаған.​
​
1 қарашаға күнгі ресми мәліметке сәйкес, Атырау облысында биыл​ ауылшаруашылығы мақсатындағы​ 273 800 гектар жер мемлекет меншігіне​ қайтарылды. Оған себеп учаске иелерінің жерді уақытылы игере алмауы. Және олардың арасында жерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтарып бергендер де бар.​
Айта кетейік, жыл басынан бері өткізілген сессияларда 118 шешім қабылданған. Оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты - 17, облыстық бюджетті нақтылау бойынша​ – 6 шешім қабылданса, 57 шешім​ облыс әкімінің бастамасымен, 54-і мәслихат депутатарының бастамасымен, жетеуі тексеру комиссиясының ұсынуымен қабылданды.

Сонымен қатар, жиын барысында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мұнай саласының ардагері Мақсот Қилыбаевқа «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын табыс етті.

Еске сала​ кетелік, облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 9 желтоқсанда өткен сессиясында ардагер мұнайшы Мақсот Қилыбаевқа «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданған болатын.

  • 06.01.2021
  • 358
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика