- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Облыс экономикасы дамып келеді, сонымен бірге бюджеттің кірісі де өсуде
2020 жылы облыс қазынасына жоспарланғаннан көп салық түсті. Қосымша қаржы әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалады.⠀
Біз бюджеттегі ақшаны үйлерді жаңғырту бағдарламасын қаржыландыруға бағыттаймыз. Көп қабатты үйлердің шатыры жөнделіп, жаңа лифттер орнатылады. 2011 жылдан бері 170 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Қазір 38 үй шатыр жөндеуге кезекте тұр.
Екінші өзекті мәселе - тоғыз қабатты үйлердегі лифттердің жоқтығы. Петропавлдағы үйлерде 367 лифт бар, олардың сегізі мүлдем жұмыс істемейді. Биыл 8 лифт қойылып, тұрғындардың байырғы мәселесі шешілмек.
Оған қоса, біз биыл облыс орталығының аулаларын абаттандыруды толығымен аяқтаймыз. Тегін автотұрақтарды ашу жұмысы да жалғаспақ. Бұл қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.
- 08.01.2021
- 389