- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Өңір басшысы Асайын Байханов облыстық қоғамдық кеңестің отырысына қатысты.
Қоғамдық кеңестің мүшелері Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының ЖЭО, қазандықтар, жылу желілері мен тұрғын үй қорын 2023-2024 жылғы жылу беру маусымына дайындау барысын талқылады. Облыстағы жөндеу жүргізу жоспарланған 40 бірлік энергия көздері жабдықтарының 18 нысанында жұмыстар орындалды, қалғандары бойынша жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі таңда жылу беру маусымына өңірдегі барлық әлеуметтік нысандар толықтай дайындалды, тұрғын үй қоры 98%-ға дайын. Облыстың үш қаласында да гидравликалық сынақтардан кейін анықталған ақаулар толығымен жойылды. Сондай-ақ, жылумен қамтамасыз ететін магистральдық желілерді реконструкциялау аяқталуда. - Біздің басты міндетіміз – жылу беру маусымын уақытында бастау және штаттық режимде өткізу. Ол үшін қазір облыстың барлық қалалары мен аудандарында ауқымды жөндеу науқаны жүргізілуде. Бұл жұмыстардың барлығы 22 қыркүйекке дейін аяқталады. Бұл сұрақтар менің қатаң бақылауымда, - деп атап өтті Асайын Байханов.
- 11.10.2023
- 118