- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының өкімімен Еркебұлан Берікбайұлы Қарақонысов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Павлодар филиалының директоры болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының өкімімен Еркебұлан Берікбайұлы Қарақонысов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Павлодар филиалының директоры болып тағайындалды. Еркебұлан Берікбайұлы, 1986 жылы туған, жоғары білімі бар. 2008 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған. 2010 жылы іскерлік әкімшілендіру магистрі біліктілігін алды. Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласы Ұлттық Банктің бухгалтерлік есеп әдіснамасы басқармасының сарапшысы болып бастаған. 2017-2020 жылдар аралығында ҚР Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ұлттық қордың және бухгалтерлік есеп департаментінің еншілес ұйымдарының қаржылық есептілік басқармасы бастығының орынбасары болды.
- 11.10.2023
- 130