- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасының бұйрығымен Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Ерқанат Қайратұлы Әбенов тағайындалды.
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасының бұйрығымен Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Ерқанат Қайратұлы Әбенов тағайындалды. Ерқанат Қайратұлы, 1981 жылы туған, «Қаржы және несие», «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімді. Іскерлік әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 2003 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ-да шағын бизнес секторының менеджері болып бастаған. Әр жылдары «Каспий Банк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ банктерінде кредиттік офицер, бизнесті кредиттеу бөлімінің басшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2007-2017 жылдары аралығында Астана қаласының «Даму» Қоры АҚ директоры болып қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «SAMRUK S. A.» АҚ атқарушы директоры, «Ақ Ырыс» ШҚ басшысы болды.
- 11.10.2023
- 201