• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңір басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Шарбақты ауданында болып, жергілікті ақсақалдармен кездесті.

Жұмыс сапары Малиновка ауылында салынып жатқан су құбырына барудан басталды. Бүгінгі таңда мұндағы жұмыстардың 60%-ы орындалды, желілер төселіп, құбырлар үйлерге дейін тартылды. Қазір сорғы, тазалау станцияларының құрылысы және жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. - Сондай-ақ, Сынтас және Сахновка ауылдарында да су құбырлары салынуда. Бұл ауылдардың тұрғындары суды көптеген жылдар бойы күтуде, сондықтан, біз өз уәдемізді орындауымыз керек, - деп атап өтті өңір басшысы. Асайын Байханов барлық жобаларды қатаң бақылауға алып, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуді және жұмыстарды қараша айының басына дейін аяқтауды тапсырды. Одан кейін облыс әкімі Шарбақты ауылындағы астық қоймасы мен теміржол тұйығы құрылысының барысымен танысты. Жалпы құны 500 млн теңгеден асатын бұл инвестициялық жоба 2022 жылдан бастап іске асырылуда. Қуаттылығы тәулігіне 2400 тонна дәнді және майлы дақылдар шығару жоспарлануда. Өңір басшысы ауданның танымал және белсенді тұрғындарымен кездесу өткізді. Ол кез-келген жұмыста аға буынның тәжірибесі мен ақылына сүйену өте маңызды екенін атап өтті. Кездесуде қатысушылар ауданды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, әкім алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы қысқаша баяндады. Атап айтқанда, 2024 жылы Сынтас, Татьяновка, Сахновка және Чушкалы ауылдарында интернет қосылады. Сондай-ақ, Чигирин орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, 3 медициналық орталыққа автокөлік сатып алу, кентішілік және кірме жолдарды жөндеуді жалғастыру жоспарлануда. Ақсақалдар өз кезегінде бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, ауданның дамуы туралы өз ойларын ортаға салды. Облыс әкімі кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен мәселелер назарға алынатынын атап өтті.

  • 11.10.2023
  • 164
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика