• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байханов Ақтоғай және Железин аудандарының жұртшылығымен кездесті.

Кездесулерде өз аудандарында жүзеге асырылып жатқан жобалар талқыланды, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарын ұсынды. Өз кезегінде өңір басшысы облыс ауылдарын дамыту жоспарлары туралы баяндады.   Ақтоғай ауданында биыл 29 жоба жүзеге асырылуда. Қазір Мүткенов, Әуелбек және Жалаулы ауылдарында 7 су құбыры, 2 спорт кешені, 3 медициналық орталықты салу жұмыстары жалғасуда. Өңір басшысы аудан әкіміне барлық жобаларды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.   Ауданды одан әрі дамыту жоспарына қатысты Асайын Байханов Ақтоғай, Қожамжар, Приреченское, Қайран және Қараой ауылдарын сумен жабдықтау сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін Беловод топтық су құбырынан жаңа тармақ тарту қарастырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, өңір басшысы аудан әкіміне «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жолболды, Мүткенов, Жалаулы, Барлыбай, Жоламан және Өтес ауылдарын абаттандыру үшін қажетті құжаттаманы дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, өңір басшысы бірнеше жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарды тексерді. Әуелбек ауылында мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Мердігер қыркүйек айының соңына дейін әрлеу жұмыстарын аяқтап, аумағын абаттандыруды жоспарлап отыр. Жаңатап ауылында келесі айдың ортасына дейін су құбырының құрылысы аяқталады. Барлық негізгі жұмыстар орындалды, мердігер қажетті жабдықты күтуде, оны орнатқаннан кейін су іске қосылады.   Железин ауданына барған өңір басшысы №1 қазандықтың жылу желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстарымен танысты. Оны ауданға алдағы барған сапарында бұл жұмыстарды ертерек жүргізуді тапсырған болатын. Бүгінде мұнда 2 км құбыр жаңартылып, жаңа 1,8 км желілер салынды. Бұл қосымша 40-тан астам абонентті жылуға қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, облыс әкімі Моисеевка ауылындағы апатты мектептің орнына жаңадан салынып жатқан білім ордасында болды. Оның құрылысын қыркүйек айының соңына дейін аяқтайды. Железин ауданының тұрғындарымен кездесуде Асайын Байханов ауыл тұрғындарын толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, сондай-ақ, алдағы жылға жоспарланған жобалар туралы баяндады. 2024 жылы «Ауыл-ел бесіг» бағдарламасы бойынша Прииртышск ауылындағы мәдениет үйі мен кентішілік жолдарды жөндеу жоспарланған. Асайын Байханов аудан әкіміне облыстың ТҮКШ басқармасымен бірлесіп Железинка-Веселая Роща автожолының 32 шақырымын асфальттау жобасын әзірлеуді тапсырды, бұл қазір ауыл тұрғындары Тереңкөл ауылы арқылы айналып өтетін аудан орталығына дейінгі жолды 2 есеге дейін қысқартады.   Облыс әкімі мұндай кездесулер өңірді одан әрі дамыту үшін өте маңызды екенін және тұрғындардың ұсыныстары қойылған міндеттерді шешуде септігін тигізетінін атап өтті.

  • 11.10.2023
  • 178
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика