- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Павлодар облысының Моисеевка ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа білім ордасы салынды
Мағжан Жұмабаев атындағы жаңа білім ошағы Ұстаздар күні қарсаңында есігін айқара ашты. Моисеевка ауылындағы тозығы жеткен жарты ғасырлық ғимараттың орнына заманауи білім беру мекемесі бой көтерді. Естеріңізге салайық, биылғы жылдың қыс мезгілінде өңір басшысы Асайын Байханов Ертіс өңірінің ауылдарын аралау кезінде құлау қаупі болғандықтан төбесін бөренелермен тіреп қойған жергілікті мектептің жай-күйін көрген болатын. — Ауыл жойылып бара жатқан ауылдардың қатарына жатпайды, ал, шалғайдағы ауылдардың балалары қала балаларымен бірдей жағдайда білім алуға әбден құқылы. Балаларды аудан орталығындағы мектепке республикалық жолмен күн сайын тасымалдау қауіпті, сондықтан, мұнда жаңа мектеп қажет, - деп облыс әкімі сол кезде айтқан болатын. Жаңа мектепті жоспарлау мен жобалаудың барлық стандартты рәсімдерін жүргізу екі жылға созылатын еді, сондықтан, ғимаратты инвестор салып, содан кейін дайын нысан бюджет есебінен сатып алынады деген шешім қабылданған болатын. Бұл жұмыстарды әлдеқайда жылдамдатуға, ұзаққа созылатын конкурстық рәсімдерді өткізбеуге мүмкіндік берді. - 100 орындық мектеп 4 айда тұрғызылды және бүгін Моисеевка ауылының оқушылары жаңа заманауи мектепте білім ала алады. Дайын нысанды инвестордан сатып алу туралы шешіміміз уақытты үнемдеуге септігін тигізді, - деп атап өтті өңір басшысы. Асайын Байханов ұстаздар мен оқушыларды жаңа ғимараттарымен құттықтады. Оқу сыныптарынан басқа, спорт залы, акт залы, жабдықталған информатика, химия, физика кабинеттері, заманауи интерактивті жабдықтар бар. Оқу шеберханаларының саны 5-тен 12-ге дейін ұлғайды. Аулада жасанды жабыны бар футбол алаңы, баскетбол алаңы, жүгіру жолы, жылыжай пайда салынды. 2024 жылдың қаңтарынан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталық ашылады. Ауыл ақсақалдары мектеп салу туралы шешім қабылдағандардың барлығына алғыстарын білдірді. - Үлкен алғысымызды білдіреміз - бұл өте дұрыс қабылданған шешім болды. Егер ауылда мектеп болса, онда ауылдың болашағы бар!
- 11.10.2023
- 148