• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының үздік педагогтары марапатталды

Ұстаздар күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара өңір басшысының құттықтау сөзімен басталды. Асайын Байханов ұстаздарға қажырлы еңбектері мен жоғары жетістіктері үшін алғысын білдірді. - Қазақстанның педагогикалық қызметкерлерінің бірінші съезінде Қаныш Сәтбаев атындағы Баянауыл мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сәбит Ибадуллин «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасының иегері атанды. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 287 оқушы республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. «Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебі» рейтингінде №8 мектеп-лицей жоғары орынға ие болса, үздік мамандандырылған мектептер арасында дарынды балаларға арналған №3 гимназия лайықты орыннан көрінді,- деп атап өтті облыс әкімі. Аймақ басшысы өңірдің 52 ұстазына марапаттар табыстады. Білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін үздік педагогтар «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және 1000 АЕК мөлшеріндегі сыйақымен марапатталды. Білім беру саласының бірқатар қызметкерлері «Облыс алдына сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» төсбелгілерін, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын, ҚР оқу-ағарту министрлігінің Құрмет дипломдарын алды. Ақсу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ география пәнінің мұғалімі Рина Худас «Жыл мұғалімі-2023» облыстық байқауының Гран-при иегері атанды. Барлық марапатталғандар сыйлыққа ақшалай сертификаттар алды. Марапаттау бағдарламасы мерекелік концертпен аяқталды. Ұстаздарға И. Байзақов атындағы облыстық филармонияның және М. Катаев атындағы оқушылар сарайының әртістері өнер көрсетті.

  • 11.10.2023
  • 182
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика