- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Тараз қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес
Тараз қаласында барлығы 1500-ге жуық тұрғын үй бар. 24 ғана ПИК жұмыс істейді. Бұл тұрғыда жұмыстарды жүйелеу керек.
Тараз қаласын дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесте осы мәселелер жан-жақты талқыланды.
Бүгінде осы орайда белгілі бір нәтижелерге қол жетуде. Тұрғын үйлерді жөнделіп, аулалар абаттандырылып, жаңа спорт және ойын алаңдары салынуда.
Дегенмен, қала аумағы кеңейіп келеді, соған сәйкес, бірқатар сұрақтар да туындауда.
Бүгінде 10 көпқабатты үйдің тек 1-еуінде ғана ПИК жұмыс істейді. Бұлай болмайды. Мәселеге, жаңаша көзқараспен қарап, оның шешімін табуға тиіспіз. Пәтер иелері кооперативтерінің санын көбейту, кварталдық комитет төрағаларының мәртебесін арттыру маңызды.
Қала басшылығының күн тәртібінде көшелер мен аулаларды қоқыстан тазарту, қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу және салу, саябақтар мен скверлерді абаттандыру міндеттері тұр.
Тараз қаласы әкіміне электромобильдерді зарядтау үшін инфрақұрылым құруда сапалы серпіліс жасау үшін нақты міндеттер жүктедім. Мақсат - Таразды еліміздің барлық облыс орталықтары арасында осы бағытта көшбасшылардың бірі ретінде дамыту.
Бір жылдың ішінде қаланың барлық мәселесін шешу мүмкін емес. Бірақ жүйелі көзқараспен, тұрғындармен бірлесіп белсенді жұмыс істей отырып, кезең-кезеңімен Таразды өмір сүруге қолайлы орта, жайлы қала ретінде қалыптастыра аламыз.
- 16.10.2023
- 167