- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Қарағанды облысы жұртшылығына шын жүректен қайғыра көңіл айтамыз
Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай бүкіл Қазақстан халқына ауыр тиіп отыр. Шахтада қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. "Қайғыны бөліссең, азаяды" дейді ел даналығы. Алматы облысының жұртшылығы қарағандылықтармен бірге! Осындай сын сағатта сабыр сақтап, бірлігімізді көрсету, қара жамылғандарға жылы сөз айтып, сүйеу болу - өте маңызды іс! Орын алған төтенше оқиғаға байланысты ел Президенті 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Апаттан зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілейміз. Елімізде мұндай төтенше жағдай енді қайталанбасын!
- 28.10.2023
- 176