- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
СҚО әкімі жатақханалардың құрылысын тексерді
Қаланы аралау барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа нысандардың құрылысын тексерді. Студенттерді жатақханада орынмен қамтамасыз ету – қаламыз үшін өзекті мәселе. Бүгінгі таңда тапшылық 2 мың орынды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін облыс орталығында 1750 орынға шақталған 3 жатақхана салынуда.
«Жыл соңына дейін екі жатақхана қолданысқа беріледі. Үшінші нысанның құрылысы 2024 жылы аяқталады. Осының арқасында жатақханалардағы орын тапшылығы айтарлықтай азаяды», — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
- 01.11.2023
- 149