- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
СҚО-да тіркемелі техника мен крандар шығарылмақ
Петропавлда жаңа инвестжобалар жүзеге асуда. Олардың құрылысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына инвестор ретінде «Reimann» тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасы зауыты кірді. Қазіргі уақытта негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 1,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін кәсіпорын өндірісті бастамақ. Қуаттылығы – жылына 150 бірлік тіркеме техника. 75 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.
Экономикалық аймақтың тағы бір қатысушысы – «KazKran» серіктестігі. Бұл көтергіш-көлік жабдықтары мен аспалы крандарды шығаратын зауыт. Инвестор учаскені игеру жұмыстарын бастап, цехтың іргетасын құюда. Құны 2 миллиард теңгені құрайтын жобаны іске қосу 2025 жылға жоспарланған. Жаңа кәсіпорында 150 адамға дейін жұмыс істейтін болады.
- 01.11.2023
- 147