- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
СҚО-да 7 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Айыртау ауданына жұмыс сапары аясында Лобаново ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысын тексерді. Жаңа медициналық мекеме биыл ауыл тұрғындарына қызмет көрсете бастайды.
"Жалпы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қазір облыста 7 медициналық нысан салынуда. Осының арқасында ауылдардағы медициналық көмектің сапасы біршама жақсарады", — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, Лобаново ауылында өңір басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, жеке инвестицияның көмегімен былтыр ашылған көпсалалы колледждің оқу процесімен танысты. Шалқар ауылында тарату желілері бар су торабы салынуда. Саумалкөлде ірімшік шығаратын кәсіпорынды аралап, жаңа жылу қазандығына барды. Қырман басында аудандағы шаруалардың қатысуымен өткен кездесуде агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелер талқыланды.
- 01.11.2023
- 137