- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Алматы облысында биыл лизинг арқылы 269 ауыл шаруашылық техникасы алынған
Бұл жайлы мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция отырысында баяндалды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Садықовтың айтуынша, өңірімізде ауыл шаруашылығындағы техниканың тозу көрсеткіші 58,8 пайызды құрады.
«Облыс бойынша ауыл шаруашылығы техникасының барлығы 13 415 бірлік. Оның ішінде 10 жылдан астам пайдаланған 8 мыңға жуық техника тозған», – дейді Димаш Садықов.
Басқармадағылардың мәліметінше, биыл 3 млрд 851 млн теңгеге 269 техника сатып алынған.
Айта кету керек, инвестициялық салымдар негізінде сатып алынған техниканың 25% және сұранысқа ие ауыл шаруашылығы техникасының 30% мемлекет бюджетінен субсидияланады.
- 01.11.2023
- 198