- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ДАУЫС БЕРДІ
«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында өз дауысын беріп, таңдауын жасады»,-дейді Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Аймақ басшысы Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.
Таңғы сағат жетіден өз жұмысын бастаған аталған сайлау учаскесіне 1145 сайлаушы тіркелген.
Саяси науқанда өңірде барлығы 265 сайлау учаскесі қызу жұмыс істеуде. Мұнда азаматтарға санитарлық талаптарды сақтай отырып дауыс беруге арналып барлық жағдай жасалған.
- 18.01.2021
- 208