- Блогтар
 - А.Н. Дәрібаев
 
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
«ЭҚРҚО» АҚ ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылар үшін сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша нұсқаулық өткізу кестесі туралы хабарлайды
«ЭҚРҚО» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы бола отырып, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша нұсқама жүргізу кестесі туралы хабарлайды
Сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша нұсқама жүргізу кестесі
| 
			 Қашықтықтан оқытуды өткізу күні  | 
			
			 Оқу уақыты (Астана қ. уақыты бойынша)  | 
		
| 
			 6 - 10 қараша 2023 жыл  | 
			
			 12:00 - 13:00сағ..  | 
		
| 
			 13 - 17 қараша 2023 жыл  | 
			
			 11:00 - 12:00сағ.  | 
		
| 
			 20 - 23 қараша 2023 жыл  | 
			
			 11:00 - 12:00сағ.  | 
		
- 15 минут - тақырып бойынша нұсқаулық: «Интернет-ресурсты пайдалана отырып, Сауда жүйесінде жұмыс істеу»;
 - 45 минут - Интернет-ресурсты пайдалана отырып, Сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикалық сабақтар.
 
ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасында ЖЭС, ГЭС, КЭС және БиоЭС салуға жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық ағымдағы жылдың 13-30 қарашасы аралығында өтеді.
Аукциондық сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес Ұйымдастырушыдан оқу үшін өтініш берушіге:
1) Ұйымдастырушымен шарт жасасу және оның қызметіне ақы төлеу;
2) оқу Кестесінен оқу уақыты мен күнін таңдау;
3) Ұйымдастырушыға өтініш нысанын және нұсқамаға жіберілетін өтініш берушінің қызметкерлерінің тізімін жіберу;
Ұйымдастырушы аукциондық сауда саттықты өткізу басталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын оқуды өткізуді тоқтатады.
Қосымша ақпарат алу үшін телефон арқылы хабарласыңыз: 8 (7172) 98-29-65
- 06.11.2023
 - 226
 
                
                                

