• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбдіғалиұлы Берік
Әбдіғалиұлы Берік

Ұлытау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жезқазғанда 5G желісін іске қосу жоспарлануда

Бүгін Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында өңірде байланыс пен интернетті дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен өткен кездесуде жергілікті билік пен еліміздегі ірі байланыс операторының бірлескен жұмысы өңіріміздегі байланыс пен интернетке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Облыстағы интернеттің әлсіздігі – өзекті мәселелердің бірі. Трассалардың бойында тіпті қолжетімсіз орындар бар. Жезқазған-Қарағанды бағытында бірқатар нүктеде ұстайды, ал Қызылордаға барар жолда тіпті жоқтың қасы. Бұл – білім беру мекемелеріне де қатысты. Мектептерді цифрландыру үшін де ғаламтор желісі жеткіліксіз болып тұр. Өңірде педагогтердің жеткіліксіздігін де онлайн оқыту арқылы шешуіміз қажет. Ол үшін ұялы байланыс пен интернеттің көмегіне жүгінеміз. Сондықтан, аталған мәселелерді шешу үшін өздеріңізден қолдау күтеміз»-деді кездесу барысында облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Атап айтқанда, облыс орталығында «Қазақтелеком» АҚ 5G желісін іске қосуды жоспарлап отыр, сондай-ақ қол қойылған меморандумда 2025 жылға қарай Жезқазған қаласының желілерін талшықты-оптикалық байланыс желілеріне көшіруді жүзеге асыру, өңір мектептерінде интернетке қол жеткізу жылдамдығын арттыру жөніндегі техникалық мүмкіндіктерді қарастыратын сараптамалық топ құру және 2023–2024 жылдары Ұлытау облысының аумағында ұялы байланыс пен мобильді интернетті дамыту бойынша қажетті іс-шаралар жоспарын бекіту ұсынылды.

Бұдан бөлек Жезқазған қаласында 5G-орындардың санын 5-тен 20-ға дейін ұлғайту, облыстың 12 ауылдық елдімекенін мобильді байланыс пен 4G-интернетті қамтамасыз ету бойынша лицензиялық міндеттемелеріне қосу және облыстың 36 мектебіне талшықты-оптикалық байланыс немесе радиокөпір жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды.

Жезқазған қаласында 5G желілері келесі мекенжайлар бойынша іске қосылмақ: Мұса Жәлел көшесі, 17; Гагарин көшесі, 76/1а; Ломоносов көшесі, 8; Алашахан даңғылы, 8 және 34.

  • 09.11.2023
  • 230
Әбдіғалиұлы Берік

Ұлытау облысының әкімі

Әбдіғалиұлы Берік
(Мұрағат)

Ұлытау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика