• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы

2021 жылғы 15 қаңтарда облыстық мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясы өтіп, онда өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 3,5 трлн. теңге қарастырылып отыр. Ең бастысы, бұл құжат әкімдердің есеп беру жиындарында, жеке қабылдауларда, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында айтылған, әкімнің жеке блогына келіп түскен өтініш-тілектерді ескере отырып дайындалған.

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасын депутаттарға облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов таныстырды. Бұл өңір экономикасының алдағы 5 жылдағы сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған құжат болмақ.

Ж.Тұяқов өз сөзінде 2016-2020 жылдарға арналған алдыңғы бағдарламаның орындалуына қысқаша тоқталып, өткен жылы мемлекет қолдауымен экономикалық жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенімізді атап өтті. Биылғы жылы да сол өсім қарқынын сақтауға бағытталған шаралар қабылданбақ.

Халықпен кері байланыс орнату барысында айтылған өтініштердегі мәселелерді қамти отырып әзірленген Бағдарлама «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен үндес.  Онда негізгі үш бағыт айқындалған: «Өңір экономикасын көтеру», «Өмір сүруге жайлы және қауіпсіз өңір», «Өмір сүрудің жаңа сапасын қамтамасыз ету». Барлығы 16 мақсат, 25 мақсатты индикатор белгіленген. Оның ішінде тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, спорт және басқа да маңызды нысандар салу, ауыз су, газ, жылу жүйелерінің, жолдардың құрылысы, жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ететін шаралар толықтай қамтылған. 

Жалпы Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыруға 3,5 трлн. теңге қарастырылған, оның 2 трлн. 300 млрд. теңгесі – бюджеттік, 1 трлн. 200 млрд. теңгесі - жеке қаражат.

Құжатты облыс депутаттары бірауыздан қолдады.

  • 19.01.2021
  • 378
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика