• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Заңсыз қоқыс үйінділері адам өміріне қауіпті аймаққа айналды

2023 жылдың 14 қарашасында Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қанат Байеділов Ұйғыр ауданы Дардамты ауылы маңында орналасқан заңсыз қоқыс үйінділері алаңын тексерді. Бұл туралы Алматы облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Заңсыз қоқыс үйінділері Шонжы – Қалжат бағытындағы республикалық маңызы бар автокөлік магистралінің 50-ші шақырымында орналасқан.

10 жылдан астам уақыт көлемінде кішігірім жыра мен сайды жағалап, қалдықтар қалай болса солай, бейберекет төгіле берген. Күнделікті желдің әсерінен жеңіл фракциядағы қалдықтар (целлофан дорбалар, қағаз, пластик, әйнек ыдыстар, шүберек материалдар) жан-жаққа ұшып жатыр. Бұл алаң кеміргіштертер мен жәндіктердің, ит-құс пен ірі-қара малдардың жайылымына айналған. Ауа, жер және судың ластануы салдарынан климаттың өзгеруі, ауа температурасының көтерілуі, әртүрлі аурулардың таралуына әкеп соғуда. Жануарлар мен өсімдік әлеміне де кері ықпал етіп жатыр. 

Жалпы айтқанда, адам өміріне қауіпті аймаққа айналды. Оған себеп, осы аймақта орналасқан 100-ден аса «Ыстық-су» демалыс орындарының қоқысты заңсыз төгуі. Қоқыстар түнгі уақытта шығарылатыны анықталды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Шонжы ауылының солтүстік шығысында орналасқан заңдастырылған орталық тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жағдайымен танысты. Полигонға бөлінген 8 гектар жер телімі толып, қоршаулары қоқыстың астында қалған. Қоқыс қалдықтары 12-15 гектар жерге жайылып, жанындағы бейіттер мен жеке тұрғын үйлердің аулаларына жеткен.

Қанат Байеділов аудан басшылығына қатаң ескертпе жасады. Тез арада заңсыз қоқыс орындарын жойып, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқаруды дұрыс жолға қоюды тапсырды.

  • 17.11.2023
  • 189
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика