- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
СҚО ауруханасына цифрлы ангиограф орнатылды
Бүгін облыстық ауруханада жаңа цифрлық ангиограф іске қосылды. Заманауи қондырғыда инсульт пен инфаркт кезінде күрделі оталар жасалады. Өткен жылы дәл осындай ангиограф кардиоорталықта орнатылды. 1200 астам ота жасалып, жүздеген солтүстікқазақстандықтың өмірі сақталды. Сондай-ақ, миға операциялар жасалына басталды.
Қазір облыста үш ангиограф бар, төртіншісі салынып жатқан жаңа көпсалалы ауруханада орнатылады. Осылайша, өңірдің осы құрылғыға деген қажеттілігін толық жабамыз, өйткені әлемдік стандарттарға сәйкес 150 мың адамға 1 ангиографтан келеді.
Жалпы, өткен жылы ауруханалардағы қондырғыларды жаңартуға 12 млрд.тг теңге бөлінді. Ауруханалар МРТ, КТ, УЗИ, рентген, ангиограф және басқа да маңызды жабдықтармен толықты. Тиісінше, медициналық көрсеткіштер жақсара түсті. Мысалы, онкология бойынша өлім деңгейі 13%, инфаркт бойынша 10% төмендеді. Туберкулезбен ауырғандардың саны 36% азайды. Бұған дәрігерлердің кәсіби жұмысы мен заманауи аппараттардың арқасында қол жеткізілді.
- 22.01.2021
- 337