• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жаңа құрылыс нысандарына жылу қуаты жеткілікті бола ма? - Қонаев қаласының әкімдігі жауап берді

Алматы облысының орталығында әкімшілік және кәсіпкерлік нысандар көптеп салынуда. Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлерге жылу қуаты жеткілікті бола ма деген сұраққа жауап берді.

Тілшілермен тілдескен шаһар басшысы жылу энергиясы тапшылығының алдын алу мақсатында кешенді жұмыс жоспары жасалғанын айтты. 
   
«Бүгінде қалада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Біз осы жылдың тамызында бекітілген Бас жоспарға барлығы сәйкес болуын бақылауда ұстап отырмыз. Жалпы көлемі 23 мың шаршы метр болатын "Сан сити" тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Кешен 12 қабатты 3 бөліктен құралған. Бұдан бөлек, 2024 жылдың басында қолданысқа берілетін басқа да нысандар бар. Ал сіздердің сұрақтарыңыз орынды. Әлбетте, жылу жүйесіне артық жүктеме болады. Бірақ, мен жауаптыларға ғимараттардың ішкі жұмысы жасалып жатқанда жылуға бірден қосуды тапсырдым», - деді Нұрлан Құматаев.

Қала әкімінің сөзінше, ол халық тұрып жатқан көпқабатты үйлерге артық жүктеме түсіп кетпеуін ерекше қадағалап отыр. Қазіргі таңда «Қонаев қаласының жылу желілері» МКК 275 көппәтерлі үй мен 648 жеке үйді жылумен қамтамасыз етуде. Кәсіпорында 6 бу, 4 су жылытқыш қазандықтар орналасқан. Осы қуатқа қарамастан, қала әкімдігі кәсіпорынды үлкейту үшін шаралар қабылдаған.

«Жылу беруді оңтайландыру мен оның айналымы, барлық шағын аудандарға жылуды біркелкі тарату мәселелері өзекті күйінде қала бермек. Аталған түйткілдің түйінін тарқату бағытында жылу желісін жаңғыртудамыз. Газ бен мазутты қазандықтарды сатып алудың арқасында қуатты 20 000 кг/сағатқа ұлғайтуды көздеп отырмыз. Ол кезде қысым 16 бар (204ᵒС) болмақ», - деді шаһар басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қонаев қаласы - қазандығы көгілдір отынға қосылған Қазақстандағы жалғыз облыс орталығы.

  • 20.11.2023
  • 204
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика