- Блогтар
- Әбдіғалиұлы Берік
Әбдіғалиұлы Берік
Ұлытау облысының әкімі
Кезекті кездесу
Ұлытау облысының әкімі Сәтбаев қаласының жұртшылығымен кездесті. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов, Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір және бірқатар басқарманың басшылары соңғы он айдың қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар жиналған сәтбаевтықтар облыс басшысына ашық микрофон арқылы өзекті мәселелерін жолдады. Сұрақтың басым көпшілігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, азық-түлік, дәрі-дәрмек бағасы, медицина, кәсіпкерлік саласы, баспана мәселесіне қатысты болды.
Кездесуден кейін Берік Әбдіғалиұлы басқармалар мен қала басшылығының қатысуымен азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға бас аяғы 15 азамат жазылды. Келушілер меншік иелерінің бірлестігі, медицина саласы, апатты үйлер, кәріз желілерінің жай-күйіне байланысты толғандырған сұрақтарын жолдады.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің қабылдауына eOtinish ақпараттық жүйесі арқылы жазылуға болады.
- 27.11.2023
- 159