• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жылқы шаруашылығындағы мәселелерді Павлодар облысының сала мамандары талқылады

Бүгін Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында «Қазақстанда және басқа да іргелес мемлекеттерде жылқы шаруашылығының жағдайы мен дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, сондай-ақ, асыл тұқымды жылқылардың көрмесі өтті. Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытайдың ипполог-мамандары Қазақстандағы жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайын талқыға салды.

Форумды ашқан Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қазақтар үшін ерекше маңызы бар жылқы шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
- Бұл біздің халқымыздың генетикалық кодының бір бөлшегі. Жылқы ұстау біздің қанымызда бар, - деді облыс әкімі.

Асайын Байханов облыстағы жылқы санының 250 мың басқа дейін өскенін атап өтті. Бұл ретте Баянауыл, Май аудандарында және Екібастұздың ауылдық аймағында жылқы басының 50%-дан астамы шоғырланған. Сонымен қатар, өңір басшысы бірлескен шешімді талап ететін жылқы шаруашылығындағы мәселелерді атап өтті.
- Асыл тұқымды мал басының пайызы 5,6% құрайды. Саланың қарқынды өсуі мен дамуы үшін аналық мал басын 60%-ға дейін жеткізу қажет. Өнімдер негізінен ішкі нарықта сатылады, бие сүтін өндіруге қолданыстағы субсидиялау нормативін литріне 60 теңгеден 200 теңгеге дейін ұлғайту қажет. Табыншылар, бордақылау алаңдары жетіспейді, селекция әлсіз, - өңір басшысы бірыңғай іс-қимыл стратегиясын әзірлеуді талқылау үшін саланың жиналып қалған түйткілді мәселелерін көтеріп, қатысушыларға ашық диалог үшін алғысын білдірді.

Конференцияда өнімділігі әртүрлі бағыттағы жылқыларды іріктеу, жануарлардың генетикалық ресурстары, ат спортын дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов табынды жылқы шаруашылығын дамытудағы жекелеген түйінді мәселелердің шешу жолдарын айтты. Қытай Халық Республикасындағы жылқы шаруашылығының жай-күйі мен даму перспективаларымен ҚХР Тарын университетінің профессоры Гіміңгүл Мұқатайқызы бөлісті. Чуваш мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, ғылым докторы Владимир Семенов ауыр жүкті тұқымды биелердің сүт өнімділігінің биопотенциалын жүзеге асыруды талқылады. Моңғолияның жылқы шаруашылығының жағдайы жайлы Сайполда Тоқторбай баяндады. «Торайғыров университеті» КЕАҚ профессоры, Павлодар облысының жылқы өсірушілер қауымдастығының төрағасы Төлеген Асанбаев «Новоалтай жылқы тұқымының айғырларымен жергілікті қазақ биелерін будандастыру арқылы ет-сүт өнімділігін арттыру» жылқы тұқымының зауыттық түрін шығару туралы жобаны ортаға салды.

Конференция соңында үздік жылқы өсірушілер мен конференцияға қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ, Павлодар облысының жылқы өсірушілер қауымдастығының кубоктарымен марапатталды.
Қатысушылардың пікірінше, ғылыми-тәжірибелік конференция пікірлестердің бір-бірімен пікір алмасулары үшін тамаша алаң болды.

  • 28.11.2023
  • 182
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика