- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Қонаев қаласында заңсыз жерде сауда жасағандарға айыппұл салынды
Бұған дейін қала тұрғындары 3-шағын ауданда белгіленбеген орында сауда жасағандар шаһардың келбетін құртуда, көше қоқыс алаңына айналды деп шағымданды. Осыған байланысты кәсіпкерлік, ТҮКШ бөлімдерінің мамандары полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, рейдқа шықты.
Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабына сәйкес, 2 адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ абаттандыру ережесін бұзу фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сай, 1 жеке тұлғаға айыппұл салынды.
Аталғандардан бөлек, мамандар белгіленбеген жерде сауда жасауға болмайтынын айтып, кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл шаралар ары қарай да жалғасын табады.
- 08.12.2023
- 176