• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АҚДМ қоғамдық бақылаудың негізгі принциптерін ұсынды

Аида Балаева қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша қоғам өкілдерімен кездесті.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды әзірлеу және қабылдауды тапсырған болатын.

Кездесу барысында министр заң жобасын іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері туралы айтты.

А.Балаева жұмыс тобының пікірі бойынша негізгі заң шеңберлік сипатта болуы керек, онда жалпы тәсілдер айтылатын болады деді. «Қоғамдық бақылау туралы заң жобасының мақсаты қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін құру болу керек», - деп атап өтті министр.

Сонымен, Аида Балаева қоғамдық бақылаудың негізгі нысандарын, міндеттерін, принциптерін, оның объектілері мен субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ оны жүзеге асыру тәртібін таныстырды.

Сонымен бірге, министр заң жобасы ведомствоның сайтында ашық жарияланғанын және жобаны әрбір азамат талқылай алатындығын атап өтті.

Бұдан бөлек, Аида Балаева Интернет-петициялардың бірыңғай заңды институтын құруға бағытталған түзетулер блогын қамтитын ілеспе заң жобасына жеке тоқталды.

«Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасын талқылауға, оны заңнамалық тұрғыдан шоғырландыруға түрлі тәсілдер ұсыну үшін Эдуард Полетаев, Аида Альжанова, Даулет Байдельдинов, Ажар Джандосова, Ирина Ким, Сергей Понамарев, Дос Көшім, Джамиля Асанова, Марат Шибутов және басқа да белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар белсенді қатысты.

Заң жобасын министрлік қазақстандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірлегенін атап өткен жөн. Айта кету керек, бүгінде қоғамдық бақылау институттарының жұмысы кейбір шет елдердегі мемлекеттік басқару жүйесінің қызметіне тиімді әсер ететін факторға айналды. Осыған байланысты заң жобасын әзірлеу кезінде Азия, Еуропа және Американың 30-ға жуық елдерінің тәжірибесі зерттелді.

Заң жобасын әзірлеудің өзектілігі қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру үшін құқықтық  жағдайлар жасау қажеттілігімен байланысты. Құрылымдалған заң қоғамды елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңару процестеріне тартуды жеңілдетеді, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың азаматтық қатысуы үшін барынша ашықтығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім деңгейін арттырады деп жоспарлануда.

Іс-шара соңында министр кездесудің барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны және азаматтық қоғамды дамыту үшін ерекше маңызы бар мәселені іске асырудағы жауапкершіліктері мен сындарлы көзқарасы үшін алғыс білдірді. 

  • 26.01.2021
  • 329
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика