- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Жоғары оқу орындарының ректорларымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ректорларымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ағымдағы нәтижелері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшуі бойынша Жол картасы жобасы, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту аясында білім беру саласының өзекті мәселелері және «Рухани жаңғыру» қағидаттарын білім беру процесіне интеграциялау мәселелері талқыланды.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы білім беру институттарының ерекше рөлін: «Бүгінгі таңда қазақстандық жоғары оқу орындары адами капиталды қалыптастыру субъектілері ретінде кәсіби мамандарды ғана емес, сондай-ақ жоғары рухани құндылықтары бар, бәсекеге қабілетті және санасы ашық азаматтарды қалыптастыра отырып, жастар арасында қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі драйверлері болып табылады», – деп атап өтті Аида Балаева
Бағдарламаны іске асырудың үш жылында оның негізгі бағыттары бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Бағдарламаны басқару бойынша жергілікті атқарушы органдар және өңірлік жобалық кеңселермен жұмыс жандандырылды; талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ететін қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметі жолға қойылды.
Жаңа тәсілдер мен тетіктерді енгізуді ескере отырып, 2020 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шаралар жоспары іске асырылды. Жоспар шеңберінде 3 негізгі құндылық бағыты бойынша іс-шаралар көзделген – «тұлғалық даму», «ұлттық бірегейлік және халықаралық мәртебені арттыру», «мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы».
2020 жылы Бағдарлама аясында өңірлерде 8 млн. жуық адамды қамти отырып, 30 000 астам іс-шара өткізілді. Халықтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысу үлесі 32,8% құрады.
2020 жылы «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде меценаттар есебінен 537 әлеуметтік маңызы бар 445 нысан салынды және қайта жаңартылды, 1 231 меценат негізгі өңірлік инфрақұрылымдық объектілерді дамытуға 10 млрд. теңге инвестиция салды.
Сондай-ақ, өткен жылы тұлғалық дамуға бағытталған жаңа 4 арнайы жоба енгізілді: «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Құқықтық мәдениет» және «Еңбек – елдің мұраты».
Қазақстандықтардың құндылық бағдарлары жүйесіне прагматикалық өмір салтын енгізу, халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, еңбексүйгіштік, ұтымды мінез-құлық, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту идеяларын қамтитын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа арнайы жобаларын іске асыру қоғамның дамуына және қазақстандықтардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруіне әкеледі.
Құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, түрлі қызмет салаларындағы сарапшылар енгізілген қазіргі заманның өзекті тақырыптарын талқылау бойынша «Азаматтық алаң» пікірталас алаңының отырыстары өткізілуде.
Сондай-ақ, Министрлікпен Telegram әлеуметтік желісінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ағымдағы нәтижелері мен «Азаматтық алаң» пікірталас алаңының қызметі туралы ақпараттық арна іске қосылды, Бағдарламаның «Ruh.kz» ресми порталының жұмысы жандандырылды.
Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшуі бойынша Жол картасы жобасы әзірленуде. Жол картасының жоспарланған іс-шаралары мен жобалары халықтың жас ерекшеліктеріне сәйкес дайындалған.
Жоспарланған іс-шараларды тиімді іске асыру үшін нақты ұсынымдар әзірленеді және жұмыста пайдалану үшін мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – адами капиталды дамытудың негізгі тұжырымдамасы және қоғам үшін жаңа идеологиялық күн тәртібін құру тетігі.
Қазіргі заманғы тәуекелдер мен жаһандану жағдайында рухани құндылықтардың жандануы, адамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, прагматизмді дамыту, ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтардың білімі мен сананың ашықтығын насихаттау қазақстандықтардың болашақтағы негізгі бағдарлары болып табылады.
- 26.01.2021
- 247