• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Баянауыл ауданының Қаражар ауылында жаңа мектеп ашылды

Бүгін қаражарлықтар үшін үлкен мереке - жаңа білім ошағы бой көтерді. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ақсақалдар, ауыл тұрғындары қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекеттің педагог мәртебесін көтеру, инфрақұрылымды дамыту, жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау бойынша барлық міндеттемелерді орындап жатқанын атап өтті.

- 1 қазанға дейін елімізде 78500 орындық 77 жаңа мектеп ашылды. Аталмыш көрсеткішті 132 мың орынға дейін жеткізуді жоспарлаудамыз. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселелерін, сондай-ақ, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 740 мың орындық 369 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Бұл мәселені шешуде бизнес өкілдерінің де шетте қалмағаны қуантады, - деп атап өтті еліміздің бас педагогы.

Асайын Байханов ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады.
 - Қаражарда жаңа білім ордасының ашылғанына өте қуаныштымын. Ауылдың келешегі бар: жекелей туризмнен бастап Мырзашоқы шаңғы базасына дейін. Енді заманауи мектеп пайда болғаннан кейін жас отбасылар да ауылға келеді деп үміттенемін, өйткені, мектеп – бұл өмір, бұл болашақ, - деді облыс әкімі.

Жаңа білім ошағы тозығы жеткен 1958 жылғы «тоғыз жылдық» мектептің орнына салынды. 100 орындық нысанның құрылысы көктемде басталып, «ERG» тобымен жасалған меморандум бойынша 650 миллионға шықты. Жұмыстарды «ЕвроТехСтрой-2003» ЖШС орындады.

Екі қабатты ғимаратта 11 оқу кабинеті бар. Сондай-ақ, іс-шара қонақтары шеберханаларды, спортзалды, конференц-залды, шағын орталықты, асхананы, IT-сыныптарды аралап, қарап шықты. Ашық спорт алаңы бар мектеп ауласы да абаттандырылған. Қазір Қаражар жалпы білім берц мектебінде 72 бала оқиды.
- Ауылдың зияткерлік және мәдени орталығына айналатын жаңа мектеп біз үшін ең жақсы сыйлық, - деп ауылдықтар қуаныштарын білдірді.

Бұл Биыл Павлодар облысында пайдалануға берілген алғашқы мектеп емес. Қыркүйек айында Железин ауданына қарасты Моисеевка ауылында Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп ашылды, ол да апатты жағдайда болған мектептің орнына салынған болатын.
2023 жылы 54 мектепті жаңарту үшін бюджет қаражатынан 6465,4 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде ағымдағы жөндеу, мектеп жиһаздарын жаңарту, асханаларды, кітапханаларды жаңарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жаңарту жұмыстары 100% аяқталды. Өңір тарихында мұндай көлемде мектептер салынған емес. Және бұл білім беру процесінің сапасына оң әсер етеді, дейді еліміздің бас педагогы.

Павлодар облысына барған ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен облыс мәслихатының депутаттарымен кездесті. Министр барлық ұсыныстар мен өтініштерді тыңдап, басым міндеттерді белгіледі.

  • 15.12.2023
  • 221
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика