• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоғай, Железин және Шарбақты аудандарының әкімдері сайланды

2023 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен қалалар әкімдерінің сайлауы өтті.
 
Павлодар облысында сайлау Ақтоғай, Железин және Шарбақты аудандарында өтті. Сайлауға 8 кандидат, саяси партиядан 4 кандидат және 4 өзін-өзі ұсынушы қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ақтоғай және Железин аудандарының әкімдері - Қаршыға Арынов пен Айтуған Шайхимов лауазымдарын сақтап қалды. Шарбақты ауданының әкімі болып Сержан Иманқұлов сайланды.
 
Арынов Қаршыға Зәлмұханұлы 1972 жылы туған, 2 жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1988 жылы бастаған. 1997 жылдан 2011 жылға дейін Ақсу қаласының мемлекеттік органдарында, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етті. 2012 жылдан 2013 жылдың қаңтарына дейін - «Горкомхоз-Ақсу» ЖШС директоры. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Ақсу қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, одан кейін 2018 жылдың шілде айынан бастап Ақтоғай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Шайхимов Айтуған Абылайұлы 1980 жылы Железин ауданында дүниеге келген, 2 жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1998 жылы Железин ауданы Еңбекші мектебінде мұғалім болып бастаған. Осы оқу орны директорының орынбасары болды. 2004-2007 жылдары - «Қазақстан-Павлодар» РТРК АҚ облыстық филиалының редакторы, аға редакторы.
2007-2017 жылдары Павлодар облысы әкімінің аппаратында баспасөз қызметінің басшысы, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы аналитикалық ақпарат орталығы директорының орынбасары, одан кейін Май ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Павлодар облысы мәслихаты аппаратының басшысы, Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдың қазан айынан бастап Железин ауданының әкімі болып қызмет атқаруда.
 
Иманқұлов Сержан Ерғалымұлы 1979 жылы туған. 2000 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2000 жылдан бастап мұғалім, Александровка орта мектебінің директоры, Шалдай мектеп-интернатының директоры, Жаңа-ауыл орта мектебінің директоры болып еңбек етті.
2013 жылдың наурыз айынан бастап Александровка ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болды. 2021 жылдың қазан айынан бастап аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Өңір басшысы Асайын Байханов сайланған әкімдерді аудан активіне таныстырып, аудан әкімдерінің тікелей сайлауы еліміздің Президенті жүргізіп жатқан демократиялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің жалғасы болып табылатынын атап өтті.
Сайланған әкімдер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын және оларға үлкен сенім білдірген және әлеуметтік мәселелерді сапалы шешуді күткен тұрғындардың өтініштерін орындау арқылы өздерінің тиімділігін дәлелдеулері тиіс.

- Халықтың сенімін ақтау қажет. Өткізілген сайлауалды кездесулерде келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстар өз шешімін табуы тиіс. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалмауы керек. Сіздердің сайлауалды бағдарламаларыңызды орындау бойынша «Жол картасын» бекітуді және осы бағытта кезең-кезеңімен қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырамын. Ауданның әрбір тұрғынының өтініші тыңдалып, сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесін алуы керек, - деді Асайын Байханов.
 

  • 15.12.2023
  • 246
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика