• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асайын Байханов облыс активіне өңір басшысының жаңа бірінші орынбасарын таныстырды

Павлодар облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Серік Батырғожинов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Серік Батырғожинов 1964 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия» мамандығы бойынша, ал, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі. Әр жылдары Қашыр, Ақтоғай, Ертіс, Тереңкөл, Баянауыл аудандарының әкімі қызметтерін атқарды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, бүгін облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбек қызметіне кірісті.
Дәурен Жамбайбек 1981 жылы туған. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі, экономика және бюджеттік жоспарлау, өңірлік даму министрліктерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ұлттық экономика министрлігінің өңірлік даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Өңір басшысы орынбасарларының міндеттері мен жетекшілік ететін бағыттары қайта бөлінді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов өңірлік құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғау, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары, ауыл шаруашылығы, ветеринариялық медицина және дене шынықтыру мен спорт салаларына жетекшілік ететін болады.

Облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жетекшілік етеді.

Дәурен Жамбайбек қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары және цифрлық технологиялар басқармаларының қызметіне жауапты болады.

Аппарат басшысы Дидар Ибраев ақпарат және қоғамдық даму, дін және еңбек істері басқармаларының жұмысына жетекшілік ететін болады.

Асайын Байханов тағайындалған орынбасарларға жаңа қызметте сәттілік және жемісті жұмыс тіледі. Кәсіби тәжірибе мен білімнің өңірдің тұрақты дамуына бағытталуы тиіс екенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 15.12.2023
  • 226
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика