• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Успен ауданына барып қайтты

Қозыкеткен ауылында Асайын Байханов «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңғыртылған мәдениет үйі мен мектепке барды. Ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, шатыры, қасбеті, жылу, электр және сумен жабдықтау, кәріз және желдету жүйелері жаңартылды, терезелері мен есіктері ауыстырылды. Биыл ауыл мектебі де айтарлықтай өзгерді, шатыры ауыстырылып, электр және жылумен жабдықтау жүйелері жаңартылды, жаңа спорт алаңдары жабдықталды және т. б.

Сондай-ақ, өңір басшысы Богатырь ауылындағы жаңа орталықтандырылған су құбырының жұмысын тексерді. Сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 7,3 км құрайды. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы 72 млн теңге сомасына 2,2 км ауыл ішіндегі жолдар, соның ішінде кіреберіс жолға асфальт төсеу жоспарлануда.

Асайын Байханов аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Қазір тек ауданның 14 ауылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
- Қызылағаш және Богатырь ауылдарында су құбырлары аяқталып, пайдалануға берілді, Қаратай және Вознесенка ауылдарында құрылысы аяқталуда. Сондай-ақ, Дмитриевка, Надаровка, Чистополь, Ольховка, Травянка ауылдарында кешенді блок-модульдерді орнату мәселесі пысықталуда. Осы жобалар іске асырылатын болса сумен жабдықтау көрсеткіші 97%-ға дейін жетеді, - деді облыс әкімі.

Сапар барысында Асайын Байханов 100 жылдық мерейтойын атап өткен Лозовое ауылының тұрғыны Қорлығайым Ахтамберованың үйіне барып, құттықтап шықты. Тыл еңбеккері ҰОС жылдарында астық жинап, майданға деп жылы киім-кешектер тіккен. Бейбіт кезеңде тың және тыңайған жерлерді игеруге атсалысып, 9 баланы дүниеге әкелген.

Одан кейін өңір басшысы Ковалевка ауылындағы 515 басқа арналған жаңа үлгідегі роботтандырылған сүт-тауар фермасының құрылыс барысымен танысты, «Саптама Етік» ЖК аяқ киім тігу цехына, сондай-ақ, Успенка ауылындағы жаңа мал сою алаңына барды.
Осы жылдың 9 айы ішінде ауданға барлығы 5,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жыл басынан бері АӨК саласында 4 инвестициялық жоба іске қосылды. 2024 жылға мектептерді, мәдениет үйлерін күрделі жөндеу, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, облыстық маңызы бар автокөлік жолын және ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жоспарланған

  • 15.12.2023
  • 304
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика