• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
облыс әкімі Екібастұзда балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша арнайы жиналыс өткізді

- Бесқауға ауылындағы жеті жасар Милана Давыдовамен болған жан түршігерлік оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Мұндай жаңалықтарды естігенде жүрегің езіледі. Миға симайтын, адамға мүлдем жат қылық. Бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді. Бейбіт уақытта балалар сіз бен біздің кінәмізден, ересектердің кінәсінен қаза болуда, - деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі өткен жылдың ақпан айында «маугли-балалармен» болған оқиғаны еске салып, одан ешкімнің сабақ алмағанын атап өтті. Өңір басшысы отбасындағы келеңсіздіктерді алғашқылардың бірі болып байқайтын мұғалімдердің назарын аударды: мектепте 17 мұғалім мен 51 оқушы бар. Екібастұздың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия төрағасының әлсіз жұмысы, учаскелік полиция қызметкері және Бесқауға ауылының әкімі тарапынан олқылықтар бар.

Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазинаның мәліметінше, жыл басынан бері балаларға қатысты 250-ге жуық заңға қайшы келетін фактілер анықталған, оның 66-сы Екібастұз қаласында. Мамандар мұндай жоғары көрсеткішті қорғаншылық органдары мамандарының және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың жеткіліксіз санымен байланыстырады.

Асайын Байханов оқу орындарындағы профилактикалық қызмет жүйесіне талдау жүргізіп, түбегейлі қайта қарауды, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі кешенді жоспарды пысықтауды және тәуекел аймағындағы әрбір отбасы үшін учаскелік полиция қызметкерлері мен әлеуметтік қызметтерге бірлескен әлеуметтік патронаж белгілеуді тапсырды. Бұл ретте өңір басшысы бұл жұмысқа мектеп педагогтарын тартуға шектеу қою керектігін атап өтті. Әрбір осындай отбасын аралап, балалардың өмір сүру жағдайларымен білім беру, әлеуметтік қорғау және полиция қызметінің мамандары танысуға тиіс.

Сондай-ақ, жедел көмек беру желісінің нөмірлерін 65-00-60, 8707-491-64-05, бала құқықтары жөніндегі уәкілдің «111 Аманат» бірыңғай байланыс арнасын барлық жерге тарату қажет. Екібастұз әкіміне Давыдовтар отбасын бақылауға алу тапсырылды.

Жиналыста 17 қараша күні Шідерті кентінде қайтыс болған сегіз айлық балаға қатысты тағы бір сұмдық жағдай қаралды. Облыс әкімі жағдайды егжей-тегжейлі түсініп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Жмналыс қорытындысы бойынша өңір басшысы лауазымды тұлғаларға жаза қолдану туралы шешім қабылдады. Әлеуметтік саланың жұмысына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары – Айзада Құрмановаға, Екібастұз қаласының әкімі – Аян Бейсекинге, облыстық білім беру және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшылары – Самал Айтқазина мен Альмира Дисюповаға сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, облыс әкімі кеншілер қаласының басшысына Екібастұз қаласының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік шаралар қабылдауды, оның ішінде Қоянды ауылдық округінің әкімі Абай Хакимовтың одан әрі жұмысы туралы мәселені қарауды тапсырды.
Өңір басшысы барлық қоғам, әсіресе, уәкілетті мемлекеттік қызметшілер балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауы тиіс екенін еске салды.

– Әрбір осындай жағдай - бізге өңірдің, қаланың, ауылдың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді сеніп тапсырған тұрғындарымызға опасыздық жасағанмен тең екендігін көрсетеді. Біз қандай қоғамда өмір сүргіміз келетіні туралы сұраққа жауап беруіміз керек. Тіпті, баланың өліміне әкелген бір оқиға - бұл үлкен қайғылы жағдай, ал, олардың соңғы уақытта жүйелі түрде қайталануы үлкен трагедия. Балалар - қоғамның қорғалмаған бөлшегі, олардың денсаулығын, қауіпсіздігін және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету - біздің басты міндетіміз. Мұны еске алатын кез келді, - деді Асайын Байханов

  • 15.12.2023
  • 230
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика