• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Құрметті жамбылдықтар!

Сіздерді еліміздің Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тəуелсіздік күні – тарихы бай, тамыры терең Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз ата-бабаларымыздың арман-аңсары болған бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге»,-деп атап өткен болатын.

Расында, тарихтан алар тәлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың еркіндік пен теңдік үшін қаншама рет аянбай күресіп, сынға түсіп, талай тар жол, тайғақ кешулерден өткені белгілі.

Бұл күн – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған сол боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алып, рухына тағзым ететін сәт.

Осынау бабаларымыздың қанымен, аналарымыздың жасымен жеткен Тәуелсіздіктің арқасында жоғалтқанымыз жаңғырып, рухани-мәдени байлығымыз түгенделді.

Өткеннің өнегесін – болашақтың бағдары ете білген еліміз осы кезең ішінде толағай табыстарға жете білді десек, оған қасиетті Жамбыл жерінің, облыс тұрғындарының да қосқан үлесі орасан. Азаттықтың арайлы жылдары Мемлекетімізбен бірге Жамбыл өңірі де өркендеу мен жаңғыруды бастан кешіп келеді.

Баршамыз берік бірлікте егемен еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, жаңару мен жаңғыру жолында өз үлесімізді қоса білгеніміз – маңызды.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

  • 19.12.2023
  • 186
Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика