- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Күшті аймақтар – қуатты ел
Барлық жағынан күшті аймақтың негізгі нәтижелерге қол жеткізгені
Облыс орталығы мен Алматы қаласы арасындағы G4City жобасының қайта жандануы. Бұл экономикалық өсудің басты белгілерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл бағыттағы бірінші қадам – «G4 City» арнайы экономикалық аймағын құру. Ол «G4 City» қаласы мен Қонаев қаласының бір бөлігін қамтиды. Жоба 3,7 трлн теңгеге бағаланып отыр. 34 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша G4 City-ті жеке әкімшілік бірлік ретінде құру жұмыстары жүргізілуде. Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінген. Іскерлік және қаржы орталығы, индустриялық-логистикалық орталық, ғылым және медицина орталығы, және туризм мен сауықтыру орталықтарын қамтиды. 2050 жылға қарай онда 2 миллионнан астам адам тұрады деген болжам бар. Өңір экономикасының негізгі драйверлері жалпы өңірлік өнімнің 40%-нан астамын құрайтын өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. Облыс өнеркәсібінің 90%-ын өңдеуші саланың өнімі құрайды, бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Қазақстана бойынша жалпы мазмұнға көз салсақ
Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында Алматы облысында 34 жаңа өндіріс орны іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 7 өндіріс орны кеңейтіліп, 1087 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары өнім өндіруде шамамен 60-70% құрайтын қазақстандық мазмұндағы шикізатты, ал дайын бетон және нан-тоқаш өнімдерін шығаратын жекелеген салалар 100% қазақстандық мазмұндағы шикізатты пайдаланады. Отандық шырындардың 85 пайызы, сусындар мен балмұздақтың 60 пайызы осында шығарылатынын облыс бүгін мақтан тұтады. Сонымен қатар, мұнда фармацевтикалық және медициналық өнімдердің төрттен бірі, гипсокартонның 81 пайызы, сэндвич-панельдердің 48 пайызы, болат құбырлар мен профильдердің 27 пайызы шығарылады. Алматы облысы ет, сүт, жұмыртқа өндіру, қой, ешкі, ірі қара және құс басы бойынша республикада алдыңғы қатарда.
Елімізде 7 құс фабрикасы құс етінің 27 пайызын өндіреді. Облыс өрік, алма, алмұрт, жүгері, жүзім, картоп, көкөніс, соя, күріш өсіруде де үздік үштіктің бірі.
Мұнда жалпы көлемі 85 га 55 жылыжай, сыйымдылығы 130 мың тонна 71 қойма бар.
Қазір облыста жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт салынуда. 217 жаңа жұмыс орны ашылды, өндірілген өнім ішкі нарық қажеттілігінің 20 пайызын қамтамасыз етеді. Қуаттылығы жылына 1080 тонна шойын шығаратын зауыт құрылысының аяқталғаны да қуантады. Келесі жылы толық қуаттылықпен шығуға жоспар құрылды.
Өңір дамуының негізі инфрақұрылымы болып табылады
Көлік-логистика саласына көп көңіл бөлінеді. 2023 жылдың маусымында ұзындығы 66 шақырым болатын Үлкен Алматы айналма жолы (БАКАД) ашылды. Жоба Алматы агломерациясын дамыту аясында жүзеге асырылды және кептелістерді азайтуға бағытталған. Кеген және Райымбек өңірлерін газдандыру үшін «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистральдық газ құбырын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Газ құбырының ұзындығы 227 шақырымды құрайды. Құны техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес 24 млрд. Нәтижесінде 47,4 мың тұрғыны бар 23 елді мекен газбен қамтылады. Облыста тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Осылайша, Еңбекшіқазақ ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 120 пәтерлі ғимарат пайдалануға беріліп, кезекте тұрғандарға берілді. Бағдарлама аясында Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы толығымен аяқталды. Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына ордер берілді. 10 айда облыста барлығы 808 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш креспублика бойынша 4-ші орында екенін аңғартады.
Әлеуметтік саланың негізгі басымдықтары
Әлеуметтік салада да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Білім беру саласындағы басты басымдық – үш ауысымда оқытуды және орын тапшылығын жою. 2023 жылдың басында облыста үш ауысымда оқитын 52 мектеп болған. Биыл 14,4 мың орындық 10 мектеп пайдалануға берілді. 5-і жыл соңына дейін аяқталады. Келесі жылы үш орындық мектептер 39-ға дейін қысқарады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2024-25 жылдары 54,6 мың орындық 53 мектеп салынады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 50 мектепке құны 1,5 млрд теңгеге 150 физика, химия және биология кабинеттерін жабдықтауға қаржы бөлінді.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 2024-2025 жылдары 38 нысан салынады. Атап айтқанда, облыстың 6 ауданында 13 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 фельдшерлік пункт салу жоспарлануда. Қонаев қаласында 800 төсектік көпсалалы аурухана, 500 келушіге арналған емхана, қалалық аурухана жанынан жұқпалы аурулар бөлімшесін салу жоспарлануда. Сондай-ақ «Қарасай» және «Еңбекшіқазақ» көпсалалы ауданаралық ауруханаларын қайта реконструкциялау жоспарлануда.
Туризм саласының дамуы
2023 жылы Алматы облысында ішкі туризм 13 пайызға өсіп, 1,1 миллион адамға жетті, ал кіру туризмі 78 мың адамды құрады. Республиканың Туризм картасына сәйкес Алматы облысы 68 аумақтың 10-ын қамтиды және жалпы сыйымдылығы 14 058 төсектік 267 орналастыру нысаны бар.
Облыста туристердің орташа болу ұзақтығы 3 күннен 5 күнге дейін болса, 15 туристік аймақта жалпы ұзындығы 337 шақырымды құрайтын тау соқпақтары мен маршруттарын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Өңірде туризмді дамыту туристік маусымда 400-ден 500-ге дейін жұмыс орнын ашып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, туристер саны мен туристік табыстың өсімі 15 пайызды құрады. «Шарын» және «Іле-Алатау» (Түрген шатқалы) мемлекеттік ұлттық саябағының аумақтарында туристік орталықтар пайдалануға беріліп, облыстың негізгі туристік өнімдерін ілгерілету іс-шарасы, туризм арқылы жүзеге асырылуда. «Qonaev international balloon fest» халықаралық шар фестивалі, «Tengri ultra» ұлы дала марафоны, Іле-Балқаш регатасы және басқа да іс-шаралар, облысқа 100 мыңнан астам демалушыны тартты. Сонымен қатар, аймақтың туристік әлеуетін халықаралық аренада ілгерілету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, маркетингтік науқан нәтижелері бойынша BBC Worldwide телеарнасында және Tripadvisor интернет-ресурсында ақпараттық материалдар орналастырылды. SITF (Seoul International Travel Fair) 38-ші Халықаралық туристік көрмесінде Алматы облысының стенді «Жаңашылдық пен шығармашылық үшін» және Алматы облысының Саты ауылы «Үздік туристік ауыл 2023 UNWTO» сыйлығымен марапатталды! «Almaty Region Travel» мобильді қосымшасы іске қосылды, оның негізгі мақсаты туристерге өңірдің туристік әлеуеті туралы тиімді және маңызды ақпарат беру болып табылады.
Айтылғандарды қорытындылай келе, Алматы облысы барлық сала бойынша жақсы өсу қарқынына қол жеткізді. Жаңа жылда нақты нәтижелерге негіз болатынына облыс сенімді.
- 20.12.2023
- 179