- Блогтар
- Сәрсенбаев Б.С.
Сәрсенбаев Б.С.
«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасы
Пәкістанда өткен халықаралық конференцияға Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев қатысты
Биыл 6-7 желтоқсанда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі Б.Сәрсенбаев, Исламабадта (Пәкістан) екі күндік сапармен болып, Халықаралық Ислам Университеті (ХИУ) ұйымдастырған «Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны, азаматтық жауапкершілік және төзімділік» тақырыбындағы халықаралық конференцияға құрметті қонақ ретінде қатысты.
Өз алғысөзінде Орталықтың Басқарма Төрағасы бірлескен ынтымақтастық пен елдер арасындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім тәжірибесімен бөлісті. «Қонақжайлылық пен толеранттылық қазақ халқының мәдени кодының құрамдас бөлігі болып табылады және қазіргі Қазақстан екі қуатты тұғырға – тарих пен географияға сүйеніп, осы іргелі дәстүрді жалғастыруда. Қазақстанның ең маңызды жаһандық жетістіктерінің бірі – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізуге бастамашылық ету. Соңғы жылдары Қазақстан жеті Съезді сәтті ұйымдастырып, өткізді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінің Астанада шақырылғанына биыл тура 20 жыл толып отыр. 2023 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - М.Әшімбаевтың жетекшілігімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХХІ отырысы өткенін білесіздер. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2033 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасын мақұлдады. Құжат серіктестер шеңберін және форум қызметінің географиясын кеңейтуге, Съездің диалог алаңы мен халықаралық институттар, беделді ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Рухани дипломатияның әлеуетін дамыту мақсатында көрнекті және аса беделді діни, саяси және қоғам қайраткерлерінің арасынан Съездің Ізгі ниет елшілері институтын құру ұсынылады. Тұжырымдама рухани-адамгершілік құндылықтар сақталып қана қоймай, сонымен қатар іргелі болып табылатын әлемнің дамуына одан әрі ықпал етуге арналған».
Шара соңында Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалін MIU президенті проф. Доктор Хаталь Хомоуд Алотаибиге табыстады. Өз кезегінде Пәкістан тарапы дінаралық диалогты дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі мен үлесін мойындай отырып, Б.Сәрсенбаевқа және Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Кистафинге «Бейбітшілік» сыйлығын табыс етті.
Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев Дін істері және конфессияаралық келісім федералды министрі Аник Ахмедпен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы, ең алдымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясындағы діни саладағы ынтымақтастықты нығайтудың одан әрі перспективалары талқыланды.
Қазақстандық делегация Бахрия университетінде де болды. Онда Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев студенттерге дәріс оқыды. Лахор және Карачи қалаларындағы университет кампустары шараға бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
Шара қорытындысы бойынша Орталық Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев PTV орталық телеарнасының бағдарламасына қатысып, сонымен қатар жетекші халықаралық басылым «The World News AM» басылымына жан-жақты сұхбат берді, онда ол 2023-2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту тұжырымдамасын Қазақстанда және одан тыс жерлерде ілгерілету, сондай-ақ бейбітшілік үшін елдер, мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты, өзара түсіністік пен құрметті нығайту туралы кеңінен баяндады.
- 20.12.2023
- 146