• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімінің орынбасары Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулын қабылдады

Облыс әкімінің орынбасары Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулын қабылдады

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Сабри Альптекинмен кездесті.

Кездесуде Марат Мурзиев Бас консул Сабри Альптекинге ілтипат білдіре отырып, көп жылдан бергі бауырластық және сауда-экономикалық қарым-қатынастың қос тарапқа да жемісті болғанын, одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

- Бүгінгі күні Атырау облысында 120-дан астам компания түрік капиталымен жұмыс атқарып жатыр. Биыл Атырау облысы мен Түркия арасындағы сауда-саттықтың көлемі 1 млрд долларды құрайды. Атырау өңірінде мұнай мен газдан басқа өнеркәсіптер бар. Біз оларды жақсы деңгейге шығарсақ деген ойымыз бар. Соның ішінде облыста туризм саласын дамыту бағытында да үлкен жұмыстар істеуге болады, - деді М.Мурзиев.

Жиында Атырау облысының инвестициялық мүмкіндіктері, туризм мен білім саласын дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланды.

Өз кезегінде Бас консул облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевке ризашылығын білдірді. Кейін Түркияда білім алып жатқан қазақ студенттерге қарастырылған мүмкіндіктер туралы айтып өтті.

- Сауда-саттық, энергия мен туризм салаларынан кейін, білім саласына да көңіл бөлген жөн. Сонымен қатар қазір Түркия мемлекетінде оқып жатқан қазақ студенттерінің саны күннен күнге артып жатыр. Түркия мемлекетінің стипендиялық бағдарламасы бар. Бағдарлама бойынша Қазақстанға өте көп квота бөлінеді, - деді С.Альптекин.

Анықтама үшін: 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Атырау облысының Түркиямен сыртқы сауда айналымы 1,0 млрд. АҚШ долларын құрады.

  • 04.01.2024
  • 110
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика