• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сафон ауылдық округіне жедел-жәрдем көлігі беріледі

Сафон ауылдық округіне жедел-жәрдем көлігі беріледі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Алдымен Сафон ауылдық округінде жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұл ауылда дәрігерлік амбулатория салу және жедел-жәрдем көлігінің жетіспеу мәселесі мәселесі өзекті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл медицинасының ахуалын жақсарту туралы тапсырма бергені белгілі. Мен осы жиынға келмес бұрын осы ауылдағы дәрігерлік амбулоторияның жағдайымен таныстым. Ғимарат ескі, қыста суық, апаттық жағдайда тұр. Сондықтан типтік жүйедегі дәрігерлік амбулатория салу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ емханада кадр тапшылығы мәселесі де бар. Бұл мәселені шешу үшін биылдан бастап өңірге келетін дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдауды күшейттік. Яғни ауылдық жерлерге келетін мамандарға 5 млн теңгеге дейін бір жолға берілетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Десе де жергілікті кадрларды дайындау мәселесіне басты назар аударуымыз керек. Бұл ретте жас мамандарды дайындап, жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Сонымен қатар осы жылдың аяғына дейін ауданға 5 жедел жәрдем автокөлігі беріледі, қазіргі уақытта сатып алу конкурсы жарияланды. 5 автокөліктің біреуі Сафон ауылдық дәрігерлік амбулаториясына берілетін болады, - деді С.Шәпкенов.

Кейін тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірін жеткізді. Жиында сафондықтар денсаулық сақтау, инфрақұрылым жүргізу, тас жол салу, шалғай елді мекеннен мектепке бала тасымалдайтын автобус беру, электр жарығын жүргізу және т.б мәселелерді көтерді.

Жиыннан соң облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Олардың талап-тілегін сала мамандарымен бірге қарап, қажетті кеңес берді.

Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің Сафон ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі Құрманғазы ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Анықтама үшін: Сафон ауылдық округінде 1 811 адам тұрады. Мұнда мектеп, балабақша, спорт кешені, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория сынды әлеуметтік нысандар бар.

  • 04.01.2024
  • 127
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика