• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақ басшысы Шоқпартоғай ауылының тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы Шоқпартоғай ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Қара арна ауылдық округі Шоқпартоғай ауылына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті.

Жиында аймақ басшысы ауыл азаматтарын Жылыой ауданының 95 жылдығымен құттықтап, кейін Қара арна ауылдық округінде жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Серік Шәпкенов тұрғындармен өткен мұндай кездесу елді мекендерді дамытуға,алға қойған жоспарды нақтылауға, өңірді өркендетуге оң әсерін тигізіп, өз нәтижесін көрсетіп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар мұнда айтылған әр мәселеге байланысты қабылданған шешімдер тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатынын айтты.

Қара арна ауылдық округіндегі басты мәселе - ауылішілік жолдарын салу.

- Биыл осы аудандағы 5 елді мекен бойынша ауылішілік автомобиль жолын салу жұмыстары басталды. Құрылыстың жүру барысына өздеріңіз куә боп келесіздер. Жол салу процесі кезінде қиындықтар болды. Алайда оны облыс деңгейінде шешіп, тезірек құрылысты аяқтауға қолдау көрсетіп жатырмыз. Қара арна ауылдық округінде жүріп жатқан 3,4 шақырым тас жол құрылысының мердігері - «Казкомсервис» ЖШС-і. Шоқпартоғайдағы  ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарына қазіргі уақытта түзету жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар биылғы жылдың соңында аяқталады. Алдағы екі жылдың ішінде Жылыой ауданындағы жол салу мәселесі толық шешіледі,-деді С.Шәпкенов.

Кездесуде тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірін жеткізді. Ауыл халқы ауылішілік тас жолын, ойын алаңын, спорт кешенін және демалыс саябағын салу, теміржол көпірі астынан су реттегіш шлюз жүргізу сынды мәселелерді көтерді.

Кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, мәселелерін сала мамандарымен бірге қарады. Облыс әкімі азаматтар көтерген әр мәселе өзектілігіне қарай заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің Шоқпартоғай ауылының тұрғындарымен кездесуі Жылыой ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Анықтама үшін: Қара арна ауылдық округінде 3 130 адам тұрады. Мұнда мектеп, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория сынды әлеуметтік нысандар бар.

  • 04.01.2024
  • 118
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика