• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алдағы екі жылда облыста 37 медициналық нысан салынады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін жақсарту туралы баяндама жасады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 18 медициналық-санитарлық көмек нысанын салу қарастырылған. Оның 3-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал қалған 15 нысанның құрылысы 2024 жылы басталады.

- Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 19 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 12 нысанның құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады. Ал 5 нысанның құрылысы 2024 жылы басталады. Атырау қаласындағы «Өркен» және «Нұрсая» шағын аудандарында республикалық бюджеттен жоспарланған күніне 250 науқас қабылдайтын 2 емхананың құрылысын жеделдету мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат қарастырып, құрылыс жұмыстарын бастадық.
Медициналық техника сатып алу үшін биыл жергілікті бюджеттен 4,7 млрд теңге бөлінді. Бұл медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейін 93,5%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.
Осы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 406 арыз-шағым келіп түскен, оның ішінде 74 шағым негізді, 73 шағым ішінара негізді, 259 шағым негізсіз деп анықталды. Бұл кемшіліктерді жою және алдын алу мақсатында жұмыстар жүріп жатыр. Медициналық-санитарлық көмек қолжетімділігін жақсарту, медициналық көмек сапасын арттыру шаралары жалғасын табады. Бұл мәселені өз бақылауыма алдым,-деді С.Шәпкенов.

Атырау облысы бойынша биыл жергілікті бюджет есебінен 39 медициналық жедел жәрдем көлігі сатып алынып, олар желтоқсан айында жеткізіледі.

Атырау облысында 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша сақтандырылмаған азаматтар саны - 74 876 адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,6%-ға төмен.

Республикалық бюджеттен амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылға 5,6 млрд теңге жоспарланып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 301 млн теңге бөлініп, дәрілік заттармен 108 науқас қамтамасыз етілді.

Облыста жыл басында кадр тапшылығы 185 маманды құраған болса, бүгінде 102 маман жұмысқа қабылданды. Мамандардың жетіспеушілігін жою үшін жергілікті бюджеттен 2023 жылдан бастап өңірге келген мамандар үшін кешенді шаралар қабылданды.

Медициналық ұйымдардағы арыз-шағымдарды болдырмау мақсатында тәулік бойы қоңырау қабылдайтын колл-орталық қызметі іске қосылды (1309-нөмері бойынша) және ситуациялық орталық жұмысы жолға қойылды.

  • 04.01.2024
  • 123
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика