• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырау облысының мектептеріне 15 автобус берілді

Атырау облысының мектептеріне 15 автобус берілді

15 елдімекенде тұратын 600 оқушыны тасымалдау үшін сатып алынған көліктердің кілтін облыс әкімі Серік Шәпкенов салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Тұрғындармен өткен кездесулерде мектептерге автобус беру мәселесі жиі көтеріледі. Бүгін сол мәселенің шешімін тауып, Қазақстанда жасалған автобустарды тарту етіп отырмыз. Ең басты қоғам - балаларымыз. Олардың тиісті деңгейде білім мен тәрбие алуы үшін жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген бар. Сондықтан баланың балабақшаға баруынан бастап, мектептегі кезеңдерінде сапалы білім мен тәрбие беріп, қолайлы орта қалыптастыруымыз қажет. Бәсекеге қабілетті ұлтты дайындауда, осы арқылы адами капиталды дамытуда ұстаздардың рөлі зор. Бұл ретте ұстаздарды алда келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Бүгін берілген көліктер оқушылардың игіліне бұйырсын! Балаларға жасалатын игі істер көп болсын!, - деді С.Шәпкенов.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 60 елдімекенге қосымша 23 автобус сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді.
Айта кету керек, 23 автобустың 15-і бүгін табысталды. Қазан айында тағы 8 автобус жеткізіледі.

Жаңа автобустар «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйіне, тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернатына, Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернатына, қаладағы Береке орта мектебіне, Еркінқала орта мектебіне, Талқайран орта мектебіне, Қайырғали Смағұлов орта мектебіне, Жамбыл Жабаев орта мектебіне, Жылыой ауданы Құлсары қаласы №19 орта мектебіне, Индер ауданы Елтай ауылдық округі М.Сиранов атындағы орта мектебіне, Исатай ауданы Аққыстау ауылы мектеп-гимназиясына, Қызылқоға ауданы Сағыз орта мектебіне, Құрманғазы ауданы Жыланды ауылы Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебіне,
Мақат ауданы Сабыр Шарипов атындағы Доссор мектеп интернатына және Махамбет ауданы Д.Төленов атындағы орта мектебіне берілді.

Мектеп автобустары Алматы қаласынан жеткізілді. Заманауи үлгіде жасалған көлік 36 орынға шақталған. Автобус ерекше балаларға арналған көтергішпен, бейнебақылау камерасымен, «cтоп» батырмасымен, салқындатқыш және жылыту пешімен жарақталған.

  • 04.01.2024
  • 117
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика