• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақ басшысы облыстық «Atyray’» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерей тойымен құттықтады

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында облыстық «Atyray’» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерейлі мерекесіне арналған «Қалам ұшындағы ғасыр» атты салтанатты кеш өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, ҚР Парламент депутаттары, мерейтойға еліміздің әр өңірінен арнайы шақырылған медиахолдинг басшылары, өңір журналистикасының дамуына үлес қосқан ардагерлер қатысты.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі редакция ұжымына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау хаттарын оқып, газет ұжымына табыстады.

- Ғасырлық тарихы бар еліміздің ең басты газеттеріміздің бірі Атырауды мерейлі тойымен құттықтаймын! Ғасырлық тарих ұрпақ сабақтастығына байланысты болса керек. 1923 жылдан қазіргі күнге дейін осындай даму эволюциясында өзінің даңғыл жолын салып келе жатқан, айнымас дәстүрі бар облыстың бас газеті қазір Тәуелсіз Қазақстанның нағыз жанашыры, қажымас қайраткеріне айналса, ол бір күннің ісі емес. Еңбегін еш, тұзын сор қылмай, ұрпақ сабақтастығына айналдыра білген бірнеше буынның ортақ жетістігі. Газет ұжымы қажет жерінде ағысқа қарсы жүзіп, ылғи да облыс тұрғындарының мұң-мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғады, олардың әлеуметтік мәселелерін батыл көтере білді. Осы қам-қарекеттің арқасында құлай сенген оқырманы азаймады. Қаламдарыңыз мұқалмай, жазарыңыз таусылмасын,- деді С.Шәпкенов.

Сондай-ақ шара барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың құттықтау хаты табысталып, бірқатар журналист Мәжіліс және Сенат Төрағаларының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар «Atyray’» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев, аға тілшілер Майра Оразғалиева мен Дәулетқали Аруев, шолушы Гүлжан Әмірова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен, ал газет ардагері Бағзай Супьянова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Анықтама үшін: Облыстық «Atyray’» қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 жылдың 1 сәуірінде шықты. Аптасына екі рет басылатын газет бүгінде 5 мыңнан астам тиражбен тарайды.

  • 04.01.2024
  • 125
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика