• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Панфилов ауданында жалпы құны 40 млн. доллар болатын мал фермасы салынады

Алматы облысы Панфилов ауданында жалпы құны 40 млн доллардан асатын ферма салынады. Ірі қараға арналған мал фермасы сүтті бағытта дамытылады. 

Ферманы іске қосу үш кезеңде жүргізілмек.Құрылысы биыл басталатын нысанға 2021-2022 жылдары аралығында "AL SUT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1200 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Осы жылдарда фермаға30 млн доллар инвестиция тартылса, келесі кезеңде яғни 2022-2023 жылдары тағы 1200 бас ірі қара сатып алуға 10 млн доллар қаражат тартылмақ. Ферманың үшінші кезеңі - қайта өңдеу жұмысына қарастырылатын қаржы екі кезең толықтай аяқталғанда анықталады.Ферма жұмысын бастаған сәтте сүт фермасында 100 жұмыс орны ашылады, күрделі жем өндіру ісінде тағы 150 адам жұмыспен қамтылмақ.

Атап өтсек, ауданда бұған дейін «Көктал Агро» ЖШС сүт фермасы іске қосылған болатын. Оның жобалық құны – 2,5 млрд теңге, фермада қазір 110 бас сиыр сауылады.Күніне 2600 литр сүт Талдықорған қаласындағы «JLC Сүт» ЖШС-ға өткізіледі. Қазір ферманы ары қарай дамыту мақсатында Австрия мемлекетінен қосымша 189 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды құнажындар сатып әкелініп, қазір карантинде ұсталуда.

Өткен жылы Панфилов  ауданында ауыл шаруашылығы саласында 51 млрд.  200 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 млрд. теңгеге артық. Сондай-ақ, ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өткен жылы 1 млрд. 130 млн. теңгеге қажетті техника сатып алынды.

Жалпы 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысының мал шаруашылығында асыл тұқымды мал мен құстың үлесі орта есеппен 25% жетті.Осы мақсатта мал тұқымын асылдандыру шараларымен ірі қара малдың аналық басының 32% қамтылды, 957 шаруашылық 78 мың бастан астам мал сатып алды. Өткен жылы өңірде 10 мың басқа арналған 13 жаңа нысан іске қосылды. Барлығы 192 объект жұмыс істейді, соның 110-ы мал бордақылаумен айналысады, 82-сі - тауарлы сүт фермасы. 2020 жылы барлығы 40,4 млрд. теңгелік 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесіндеАӨК негізгі капиталына тартылған инвестиция легі шамамен 13% артты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім көлемі 918 млрд. теңгеге жетті.

  • 28.01.2021
  • 294
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика