- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
Қараша айында облыс әкімі жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерімен кездеседі
Бизнестің проблемалық мәселелерін шешу үшін өтетін кездесу жылдағыдан өзгеше, яғни панельдік сессия түрінде өтеді. Оған әр мәселе бойынша мемлекеттік органдардың және коммуналдық, монополистік кәсіпорындардың басшылары қатысады. Әр маман өзіне тиісті сала мәселелері бойынша жауап береді.
Кездесуге тек арнайы байланыс нөміріне алдын ала жазылғандар қатысады. Сіздің мәселеңіз қай бағытта екенін анықтау үшін жазылу барысында проблемаңызды айту сұралады. Арнайы байланыс нөмірі +7 701 600 9801(whatsapp) немесе atyrauobl_upp@mail.ru поштасына сауалыңызды жолдай аласыз.
Шағын және орта бизнес өкілдерінің проблемалық мәселелеріне мемлекеттік органдар тез және нақты үнқатуы қажет.
Бұл жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылады.
Кездесудің уақыты алдын ала хабарланады
- 04.01.2024
- 84