• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІ сессиясы өтті

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІ сессиясы өтті

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІ сессиясы өтті. Жиынның күн тәртібінде өңірлік Ассамблеяның құрамын, Кеңес құрамын бекіту, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасарын тағайындау мәселелері қаралды.

Алдымен аймақ басшысы өңірлік Ассамблея жұмысының маңызына тоқталды. Сонымен қатар аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, этносаралық тұрақтылықты сақтау үшін бірлескен істер жалғаса беретінін айтты.

- Меплекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясынан бері елімізде түбегейлі өзгерістер болғанын атап өтті. Саяси жүйе жүйелі түрде трансформацияланды, мемлекеттік құрылымның жаңа әрі демократиялық үлгісі қалыптасты. Өзгерістер барысында Ассамблеяға баса мән берілді. Президент Ассамблеяның елімізді саяси тұрғыда жаңғыртып, жалпыұлттық тұтастықты нығайту ісінде маңызды рөл атқарғанына назар аударды. Құрметті Ассамблея мүшелері, бірлесіп пішкен тон ешқашан келте болмайды. Сондықтан сіздердің аймақтың дамуына қосқан үлесіңіз үшін ризашылығымды білдіре отырып, Атырау облысын жан-жақты дамытуға бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, - деді С.Шәпкенов.

Сессия отырысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, тұрақтылықты сақтау, этносаралық  келісімді нығайту туралы бірқатар мәселе талқыланды.

Сонымен қатар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары лауазымына сессия құрамының келісімімен Кеңес Қосыбаев тағайындалды.

Сессия қорытындысында достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбегі үшін орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облысы филиалының төрағасы Владимир Заверткинге Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты табыс етілді.

Оған қоса этносаралық келісімді нығайтуға, бірлік пен тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі үшін Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен және Құттықтау хатымен өңірлік Ассамблея өкілдері марапатталды.

  • 04.01.2024
  • 235
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика