• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырауда бір күнде үш балабақша ашылды

Олар Әбілхайыр хан даңғылында орналасқан «Дарын», Сұлтан Бейбарыс даңғылындағы «Жанбота» және Береке ықшамауданындағы «Береке» балабақшалары. Әрқайсының сыйымдылығы 290 орынға арналған. «Береке» бөбекжайының ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, балалардың игілігі үшін жасалатын жобалар алға қарай да жалғасатынын айтты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жан-жақты жағдай жасау үшін балабақша мен мектептердің санын көбейтуді тапсырды. Осындай әлеуметтік нысандардың құрылысы тек мемлекет есебінен ғана емес, кәсіпкерлердің де қолдауымен жүргізілуде. Биылдың өзінде облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында тоғыз бөбекжай салынып, оның үшеуі бүгін, қалғаны осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Бала - біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге қажет жағдайдың бәрі жасалады. Жас өренді жақсылыққа баулып, ізгілікке үйрету осында жұмыс істейтін тәрбиешілерге байланысты. Сіздер тәрбиелеген балалар ел абыройын көтеріп, күні ертең еліміздің мақтанышына айналады деп сенім білдіремін,-деді С.Шәпкенов.

Ашылу салтанатында облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында тоғыз балабақшаның құрылысын аяқтап, ел игілігіне пайдалануға қосқан зор үлесі үшін «JM» CAPITAL Холдингінің ұжымына ризашылығын білдірді.

Балабақшада асхана, жатын бөлме, ойын, мұғалімдер бөлмесі, сондай-ақ логопед және психолог бөлмелері, спорт залы заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған. Асханадағы тағамдар санитарлық талапқа сай бөлек тоңазытқыштарда сақталады. Ал дәрігер бөлмесінде балаларға алғашқы көмек көрсетуге қажет дәрі-дәрмектің бәрі бар.

Әр балабақшада 26 қызметкер жұмыспен қамтылды. Балалар кіші және үлкен топтардан құралған 12 топқа бөлінеді.

Ал тәрбиеленушілерді қабылдау желтоқсан айынан бастап indigo24.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Осы жылдың аяғында 1 740 баланы қамтитын тағы да алты балабақша ашылып, қажеттілік 15,2 пайызға азаяды.

  • 04.01.2024
  • 249
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика