• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Атыраудағы көне мектептердің бірі өз есігін қайта ашты

Бұл - облыста алғашқылардың бірі болып ашылған №1 Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі. Мектеп ғимараты 1935 жылы салынған. 2017 жылы апатты деп танылып, өткен жылы реновация жұмыстары басталды. Мектеп оқушылары ІІІ оқу тоқсанынан бастап жаңа ғимаратта оқуын жалғастырады. Оқу ордасының қайта ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Шындығында, бұл - көптен күткен қуаныш. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бала тәрбиесін алдыңғы орынға қойып, оған сапалы білім беруді міндеттеді. Оның аясында облыстағы апаттық және үш ауысымды мектептерді жою үшін бірқатар жұмыс жүріп жатыр. Ертеңгі қоғам бүгінгі балалардан басталады. Сондықтан олардың бәсекеге қабілетті ұлт болуына барлық жағдай жасап жатырмыз. Ал оларды игі істерге үйрету осында жұмыс істейтін ұстаздарға байланысты. Сіздер тәрбиелеген оқушылар ел абыройын көтеріп, сіздердің ғана емес Отанының мақтанышына айналады деп сенім білдіремін,-деді С.Шәпкенов.

М.Жұмабаев атындағы орта мектепте екі ауысымда 326 бала оқиды. Оларға 40 ұстаз білім береді. Оқу ордасы заманауи мектептерге сәйкестендіріліп салынған.

Мектеп ғимараты екі қабаттан тұрады. Оның бірінші қабатында бастауыш сыныптардың оқу блогы, жалпы мектеп асханасы, медициналық кабинет, спорт зал және сыныптардың оқу шеберханалар блогы орналасқан. Ал екінші қабатта жоғары сыныптардың оқу блогы, әдістемелік кабинет, ақпарат орталығының ғимараты, оның ішінде медиа кітапханалар мен оқу орындары бар. Оқу залында әдебиеттерді қабылдау және беру үшін ақпараттық пункт ұйымдастырылған. Сондай-ақ ғимарат жеделсатымен және пандуспен жабдықталған.

Сонымен қатар мектеп аумағында футбол алаңы, жүгіру жолы, әскери дайындыққа арналған алаң, баскетбол, волейбол алаңы және арнайы спортпен шұғылдануға арналған жабдықтар қарастырылған.

Мектепті реновациялау облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында іске асырылды.

  • 04.01.2024
  • 243
Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика