• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атыраудың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2,4 трлн теңгені құрады

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті. Аймақ басшысының айтуынша, инвестиция тартудан республика бойынша Атырау облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестициялардағы Атыраудың үлесі 18,3%-ды құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 2,4 трлн теңге. Оның ішінде сыртқы инвестиция 902,5 млрд теңгені, ішкі инвестиция 1 533,6 млрд теңгені құрады. Өткен жылы Атырау облысында -«NCOC» компаниясының теңіз түбін тереңдету жобасы мен «КРІ» ЖШС-ның полипропилен өндірісі жобасы аяқталды. Соның себебінен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі төмендеді. Есепті кезеңде облысқа 3,5 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Оның ішінде, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуға – 3,4 млрд АҚШ доллары, құрылысқа – 114,2 млн АҚШ доллары, кәсіби, ғылыми-техникалық қызметке – 22,9 млн АҚШ доллары, басқалары – 3,8 млн АҚШ доллары,-деді С.Шәпкенов.

Биыл облыста 3 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Солардың бірі құны 76 млрд теңгені құрайтын Атырау қаласынан жүк тасымалдайтын теміржол вагондарын жасау зауыты(«ТексолТранс» ЖШС). Қуаттылығы – жылына 6 000 вагон. Зауытта 1 700 адам жұмыспен қамтылады. Іске асыру мерзімі – 2024-2026 жылдар.

Сұйытылған газ сақтау қоймасы («ТексолТранс» ЖШС). Жоба құны – 18 млн доллар. Қоймада 3 000 тонна (6 000 текше метр) газ сақтауға болады. 60 жұмыс орны ашылады.

Жылына 1 323 тонна көкөніс алуға мүмкіндік беретін жылыжай құрылысы («Айдана Агро» ШҚ). Жоба құны – 8 млрд теңге. Жылыжайда 60 адам еңбек етеді.

Бұдан бөлек, осы жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында ашу жоспарланған
3 жобаның іске қосу мерзімдері объективті себептерге байланысты 2024 жылға ауыстырылды. Қазіргі уақытта аталған жобаларда жұмыс жүріп жатыр.

  • 04.01.2024
  • 277
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика