• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Атырау қаласының табиғи монополия субъектілерінің қызметін цифрландыру үшін iQala жобасы іске қосылады

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде өңірдің цифрландыру жүйесіне тоқталды. Қазіргі уақытта облыста 153 ауылдық елді мекеннің 132-сі интернетпен қамтылған (93 АЕМ – ADSL, 3 АЕМ – FTTx, 36 АЕМ – 3G, 4G). Жалпы халықтың интернетпен қамтылу үлесі 99,2%-ды құрайды.

- Халық саны 250-ден астам ауылдық елді мекендерде кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша байланыс операторлары 22 елді мекенде мобильді интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етті. Қазіргі таңда Атырау қаласында халық көп шоғырланатын жерлерде 5G технологиясы бойынша интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін 
8 базалық станция қондырылды, ағымдағы жылдың соңына дейін 16 базалық станция, ал 2024 жылдың соңына дейін 40 базалық станция қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 38 ауылдық елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін жүргізу және облыс бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр,-деді С.Шәпкенов.

Сонымен қатар Атырау қаласында қызметтерді цифрландыру мақсатында денсаулық сақтау, білім, транспорт және логистика және қауіпсіздік салаларында бірқатар жұмыс атқарылды.

- Қазіргі таңда Астана қаласының iQala жобасы мысалында, Атырау қаласының табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Сонымен қатар, жергілікті «Атырау жастары» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша өтініштерді қабылдауды, кезегін реттеуді цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Атырауда Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру бойынша өңірде жастар үшін креативті орталықтың жұмысын бастау жоспары тұр. Орталық мәдени өмірді дамытуға серпін беріп, жастарға кәсіби дағдылар мен білім, сондай-ақ Soft skills-ті жетілдіруге көмектесуге арналған,-деді С.Шәпкенов.

Атырау облысында өңірлік it-хаб ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жоба IT-жобаларды дамытуға және ілгерілетуге, сондай-ақ өңір кадрларының құзыретін арттыруға бағытталған. IT-хаб Astana Hub халықаралық технопаркінің өңірлік филиалы болады. Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске қосу 2024 жылдың 1 жартысына жоспарланған.

«Retarga» халықаралық жобасы аясында 30-дан астам маманды 3D модельдеу бойынша оқыту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, келіссөздер жүргізіліп, үй-жайды анықтау және жабдықтау (компьютерлер) жұмыстары жүргізілуде.

  • 04.01.2024
  • 247
Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика